Облыс аумағындағы саяси партиялар филиалдарының басшыларымен (өкілдерімен) отырыс өтті

Облыс аумағындағы саяси партиялар филиалдарының басшыларымен (өкілдерімен) отырыс өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439  Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалды.

Осыған орай Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы  2020 жылдың 23 қазаны күні облыс аумағындағы саяси партиялар филиалдарының басшыларымен (өкілдерімен) және Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі қатысуларымен отырыс өткізілді.

Отырысқа саяси партиялардан  - «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы,  «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалы, «Жалпыұлттық социал демократилық партиясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалдарының басшылары  (өкілдері) қатысты.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А. Рзаханов отырысты кіріспе сөзбен ашып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы туралы баяндама жасауға облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары И. Сағынбаевқа сөз берді.

Ол өз сөзінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы, Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылған талаптар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжiлiсінің депутаттығына кандидаттар ұсыну, партиялық тізімдерді тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, жекелеген рәсімдердің мерзімдері туралы айтып берді.

Отырыс соңында саяси партиялар филиалдарының басшылары да (өкілдері) өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

 

 

   

 

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2020