Облыстық мәслихаттың "Төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" шешімінің жобасы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған осы шешімнің қосымшасына сәйкес Төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидалары бекітілсін.
  2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
27 октября 2020