Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының отырысы

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының отырысы 

 2020 жылдың  23 қазаны күні  Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439  Жарлығының негізінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалды.

Комиссияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша келесідей шешімдер қабылданды:

- «Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау  комиссиясының 2020  жылғы 21 қазандағы № 29/332 Қаулысы басшылыққа алынсын.

- «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау  комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/333 Қаулысы басшылыққа алынсын.

- «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау  комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/334 Қаулысы басшылыққа алынсын.

- Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Маңғыстау облысы бойынша Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау  комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/337 Қаулысы басшылыққа алынсын.

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 октября 2020