Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 2-тармақтың 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» 2010 жылдың 11 мамырдағы бекітілген №399 қаулысына және «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалының жаратылыстану-ғылыми негіздемесін бекіту туралы» 2021 жылдың 18 тамыздағы бекітілген №01-04/73 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын.»
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай