Ағымдағы жылдың 25-26 желтоқсанында Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының қызметшілерімен ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуде қызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыстар алып барылды.
Жұмыстан тыс уақытта қызметшілер өздерін қалай ұстау қажет, азаматтармен қарым-қатынас кезінде қарапайымдылық, сыпайылық, әділдік принциптерін басшылыққа алу қажеттілігі ескертілді.
Сонымен қатар, ұжымда моральдық-психологиялық жағдайды анықтау бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен таныстырылды.



