04.11.2024 жылы мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарған Иса Есенәлі Жарылқасынұлына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі және Маңғыстау облысы әкімінің «Алғысы» табысталды.
Есенәлі Жарылқасынұлы 1992 -2006 жылдар аралығында әскери прокуратурада тергеуші, Ақтау горнизонының анықтау және іздеу бөлімінің бастығы, 2006 – 2017 жылдары Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2017 жылдан бастап 2024 жылдың шілде айына дейін облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.
Есенәлі Жарылқасынұлы азаматтармен қарым-қатынаста қарапайым, сыпайы және ұжымда сыйлы. Өзінің сабырлы мінезімен әріптестерін баурап, жаңа қабылданған мамандардың үйренуіне ықпал етіп, мемлекеттік қызметтің оң иммиджін қалыптастыруға өз үлесін қосқан мемлекеттік қызметтің ардагері.



