2024 жылдың 4 қарашасында Маңғыстау облысы әкімдігінің басқармалары мен аудандар, қалалар әкімдіктерінің персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) мамандарымен кездесу өтті.

             2024 жылдың 4 қарашасында Маңғыстау облысы әкімдігінің басқармалары мен аудандар, қалалар әкімдіктерінің персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) мамандарымен ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл саласындағы заңнамаларда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды және қызметтік әдеп қағидаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті.

             Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі түсіндірілді.

             Егер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған жағдайда, заң аясында көмек берілетіндігі айтылды. Өз кезегінде кадр мамандарының жұмыс барысында туындайтын және   ұжымдағы жағымды атмосфера құруда бірқатар ұсыныстары назарға алынды.

Дата публикации
02 декабря 2024