Ағымдағы жылдың қазан айының 29-31 аралығында облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілімен облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметшілеріне консультациялық көмектер көрсетілді

       Ағымдағы жылдың қазан айының 29-31  аралығында облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілімен облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың  қызметшілеріне мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру, басқару құрылымын  және штат санын өзгертулер кезінде мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары бойынша консультациялық көмектер көрсетілді.

       Сонымен қатар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алатыны жөнінде түсіндірілді.

Дата публикации
02 декабря 2024