Маңғыстау облысы әкімі аппаратының өңірлік саясат және ұйымдастыру бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

3-қосымша

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

өңірлік саясат және ұйымдастыру бөлімі  туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бөлім мыналардан тұрады:

1) бөлім басшысы;

2) 6 (алты) бас инспектор;

3)  бас маман.

Бөлімнің функционалдық басқаруын және персоналды желілік басқаруын бөлім басшысы жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Жалпы міндеттері:
  2. Бөлімніңқұзыретінекіретінмәселелер бойынша орталықжәнежергіліктіатқарушыоргандардыңқызметінүйлестіру;
  3. Өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру: агломерациялар мен моноқалалардың, ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту, өңірлердің дамуын талдау жасау, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін мониторингілеуді және бағалауды қамтамасыз ету, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау, облыс ішіндегі өңіраралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік кеңесшісінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің, Үкімет отырыстары шешімдерінің, Премьер-Министр, облыс әкімі және әкім орынбасарлардың тапсырмаларының орындалуын белсенді бақылау және   осы мәселелері бойынша хабардар ету; әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
  5. Қабылданатыншаралардыңтиімділігінарттыру бойынша ұсыныстарәзірлейотырып, әлеуметтіктәуекелдердіталдаужәнеболжау;
  6. Бөлімніңқұзыретінекіретінсалааралықмәселелердішешу;
  7. Әлеуметтіксаланыңсалааралықжәневедомствоаралықмәселелеріншешу бойынша мемлекеттікоргандардыңқызметінүйлестіру;
  8. Бөлімніңқұзыретінекіретінмәселелер бойынша талдамалықматериалдарды,сондай-ақ ҚР Президент Әкімшілігі және Үкімет Аппараты және облыс әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де ақпараттыдайындауғақатысу;
  9. Орталық,жергіліктіатқарушыоргандарменбасқа да мемлекеттікоргандарарасындағыкеліспеушіліктердіжоюжөніндегіжұмыстыұйымдастыру;
  10. Аппаратжанындағыконсультативтік-кеңесшіоргандардыңқызметінқамтамасыз ету;
  11. Бөлімніңқұзыретінекіретінмәселелер бойынша азаматтармензаңдытұлғалардыңжазбашаөтініштерін заңнамада белгіленгентәртіппенқарау және олар бойынша өзқорытындыларыменұсыныстарындайындау.
  12. Міндеті: Маңғыстау облысы әкімінің аппараттық жұмысын, регламенттік және негізгі іс-шараларын жоспарлауды, мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысы әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі өткізетін кеңестерін, кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің Мемлекет Басшысының нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі басшылығының тапсырмаларын уақытылы орындауына талдауды, мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

2) облыстың қала мен аудан әкімдіктерінің қызметін үйлестіреді, талдайды және мониторинг жүргізеді;

3) қала  мен аудандарда Жобалық басқару аясындағы жобаларға мониторинг жүргізеді;

4)  аппаратында құжаттармен жұмыстың ұйымдастырылуын тексереді, облыс әкіміне құзыретіне қатысты орындаушылық тәртіп бойынша қызметтік жазбаларды дайындайды;

5) облыстың қала мен аудандары бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылған жергілікті атқарушы органдардың интернет-порталының ашық деректермен толтырылуын бақылайды;

6) ауылдық, аудандық және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жөніндегі мемлекеттік реформа саласындағы мемлекеттік саясатты іске  асырады;

7) Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттар мен материалдарды талдайды, зерделейді және қорытады;

8) Бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыстың қала мен аудан әкімінің аппараттарында атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;

9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер береді, Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысады;

10) қажетіне қарай  жергілікті жерлерге шығу  арқылы қалалық, аудандық әкімдіктерден, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардан, облыстың өзге де мемлекеттік органдарынан, ұйымдарынан, мекемелерінен, кәсіпорындарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратады және алады;

11) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Міндеті: жетекшілік ететін мәселелері бойынша қажетті материалдарды қалыптастыру және кеңес хаттамаларын дайындау, мерекелік, атаулы күндерге байланысты іс-шараларды және облыс әкімінің қатысуымен өтетін басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.

Функциялары:

1) облыс әкімі мен әкімдігінің ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді;

2) жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиналыстарға материалдар қалыптастырады;

3) облыс әкімінің аппаратына ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, сайлауды және басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу бойынша жүктелген функцияларды орындайды;

4) әкімдер аппараттарына және басқа да атқарушы органдарға ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

5) облыс әкімінің апта сайынғы аппараттық кеңестерін және өзге де кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

6) ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Премьер-Министрінің Кеңсесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша апта сайынғы жедел ақпаратты жібереді;

7) қала мен аудан әкімінің аппараттарымен, облыстық мәслихат аппаратымен қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

8) Орталық сайлау комиссиясымен, облыстық, аудандық және қалалық сайлау комитеттерімен, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың аппараттарымен сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша мониторингі мен байланысын жүзеге асырады;

9) облыстың қала мен аудан әкімдіктеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету  жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, бөлімдерден, облыстық басқармалардан, аумақтық департаменттерден, барлық деңгейдегі әкімнің аппараттарынан оның құзыретіне кіретін саласындағы мәселелер бойынша ақпарат сұратады.

  1. Міндеті: мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыс әкіміне, аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындау.

Функциялары:

  • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау негізінде, әлемдік, өңірлік тәжірибені зерделеу және облыс экономикасының әртүрлі салаларын дамыту бойынша сол тәжірибелерді қолдану негізінде ұсыныстар мен аналитикалық материалдар дайындау;

2) қала мен аудан әкімдерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың жауапты мемлекеттік органдарының қызметін бақылау және байқау жүргізеді;

3) облыс әкіміне, облыс әкімі аппаратының басшысына жергілікті жерлерде атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша құжаттар мен материалдар дайындайды, облыстың қала мен аудан  әкімдіктерінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) облыстық, қалалық және аудандық мәслихат  аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) облыс бойынша сайлаушылардың саны туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді жинақтайды және Орталық сайлау комиссиясына жібереді;

6) мәслихаттармен бірлескен жұмысқа қатысты ақпараттық-талдау материалдарын уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

7) облыстың қала мен аудандарындағы сайлаулар мен референдумдарға әзірлік барысына мониторингті үйлестіреді, жүзеге асырады;

8) облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қала мен аудан әкімі аппараттарының қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдайды және басшылыққа енгізеді.

  1. Міндеті: мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақытылы және сапалы дайындау, «Мемлекеттік наградалар» базасын жүргізу, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғысымен марапаттау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы тоқсан сайынғы, жылдық есептерді дайындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу.

Функциялары:

1) мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

2) «Мемлекеттік наградалар» («Алтын алқа», «Күміс алқа») базасын жүргізеді, мемлекеттік наградаларға ұсынылған кандидаттарға награда парақтарын дайындайды;

3) мемлекеттік наградаларға жоғалған кітапшалардың орнына телнұсқасын беруге арналған  материалдарды  сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

4) наградтау мәселелері бойынша қала мен аудан әкімінің аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

5) Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға материалдарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

6) Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттауға материалдарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

7) азаматтарды наградтауға ұсыну мәселелері бойынша департаменттер мен басқармалармен, кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

8) облыс тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы тоқсан сайынғы, жылдық есептерді дайындайды және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді;

10) алынған мемлекеттік наградалар мен олардың құжаттарының сақталуын және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

11) наградтауға ұсыну бойынша құжаттарға және олардың уақытылы тапсырылуына талдау жүргізеді;

12) қызметкерлер үшін анықтамалар жасайды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының, облыс әкімінің наградтау туралы өкімдерінің түпнұсқасынан көшірмелері мен  үзінділерін жасайды;

13) Наградалар жөнінде комиссиясының жұмысын үйлестіреді.

  1. Бөлімнің міндеттері:

1) Маңғыстау облысы әкімінің негізгі іс-шараларын жоспарлауды қамтамасыз ету, облыстық басқармалардың және қала мен аудан әкімдіктердің негізгі бағыттары бойынша жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіру;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін селекторлық кеңестерге, аппараттық жиналыстарға, облыстың қала мен аудандағы көшпелі кеңестерге, облыс әкімінің, облыстың қала мен аудан әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне және т.б. қажетті материалдарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету, қорытындылары бойынша хаттамаларын дайындау;

3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне және аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша ақпараттық материалдарды дайындау;

  1. Бөлімнің функциялары:

1) облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің Мемлекет басшысының нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі басшылығының тапсырмаларын уақытылы орындауына талдауды, мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

2) облыстың жергілікті атқарушы органдарының (облыстық басқармалар және қала мен аудан әкімдіктері) қызметін зерделейді, үйлестіреді және мониторинг жүргізеді;

3) облыстық басқармалар жұмыс органдары болып табылатын облыс әкімі жанындағы облыстық комиссиялар мен үйлестіру кеңестердің жұмыс кестесінің орындалуына мониторинг жүргізеді;

4) Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттары мен материалдарды зерделейді және қорытындылайды;

5) өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша түсініктемелер береді, Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысады;

6) Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды;

7) облыс әкімінің ай сайынғы жұмыс кестесіне ұсыныстар енгізеді және олар бойынша материалдардың ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады;

8) облыстық басқармалардың және қала мен аудан әкімдіктерінің ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мен бақылауды жүзеге асырады;

9) облыс аумағында өткізілетін іс-шараларға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы органдар басшыларының, облыс әкімінің және облыс әкімі аппараты басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларына ақпараттық материалдар дайындайды;

10) облыс әкімдігінің аппараттық жиналыстарында қарау үшін мәселелер тізбесін дайындайды, күн тәртібін жасақтайды, сондай-ақ облыс әкімдігінің аппараттық жиналыстарына материалдар дайындайды;

11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін селекторлық кеңестерге қажетті материалдарды дайындайды;

12) өңірге жетекшілік ететін инспекторлардың сұрау салуларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты үшін ақпараттық материалдар дайындайды;

13) қала мен аудан әкімдерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың жауапты мемлекеттік органдарының қызметіне бақылау жүргізеді;

14) мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық материалдарды дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен (облыстық басқармалар, қала мен аудан әкімдіктері және аумақтық департаменттер) өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

15) мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізу субъектілерімен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, облыс әкімі аппаратының бөлімдерінен, облыстық басқармалардан, қала мен аудан әкімдіктерінен, аумақтық департаменттерден оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына және облыс әкіміне ақпарат дайындау үшін ақпарат сұратады;

16) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және облыс әкімі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жетекшілік ететін атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және жетекшілік етеді;

17) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне және аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша ақпараттық материалдарды дайындайды;

19) облыс әкіміне, облыс әкімі аппаратының басшысына облыстық басқармаларда және қала мен аудан әкімдіктерінде атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша құжаттар мен материалдарды дайындайды;

20) қажет болуына қарай басшылыққа облыстың жергілікті атқарушы органдарының (облыстық басқармалардың, қала мен аудан әкімдіктерінің) қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде құқылы:

1) қала мен аудан әкімдіктерінде, облыстың жауапты мемлекеттік органдарында Мемлекет Басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын кешенді тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға;

2) облыс әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға;

3) қала мен аудан әкімі  аппараттарының қызметін талдауға және оны жетілдіру туралы басшылыққа ұсыныстар енгізуге;

4) Мемлекет Басшысының, облыс әкімінің, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қала мен аудан әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

  1. Бөлімді аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
  2. Бөлім басшысы аппарат басшысының, оның орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
  3. Бөлімінің Басшысы:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

2) Бөлімнің әрбір қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024