Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

5-қосымша

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және басқа да заңнамалық актілерді, мемлекет Басшысының жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бөлім құрылымы: бөлім басшысы, бас инспектор, бас маман.

Бөлімнің функционалдық және персоналды желілік басқаруды Бөлім басшысы жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің міндеті: Маңғыстау облысы аумағында терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) облыс әкімінің терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен байланысын қамтамасыз етеді;

2) облыс әкімін және облыс әкімі аппаратының басшылығын терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді.

  1. Міндеті: Маңғыстау облысы аумағында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша құқық қорғау (полиция департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті) және арнаулы мемлекеттік органдардың жергілікті мемлекеттік билік және басқару органдарымен жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) облыс әкімінің және облыс әкімі аппараты басшылығының қатысуымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

2) қоғамдық-саяси ахуалға, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға қатысты басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратты және өзге де материалдарды талдайды, олар бойынша шолулар жасайды және қажет болған жағдайда басшылыққа баяндайды, мәселелерді облыс әкімі жанындағы Терроризмге қарсы комиссиясының, Өңірлік жедел штаб отырысының қарауына енгізеді, анықталған кемшіліктерді жою және жұмысты жетілдіру бойынша қорытындылар дайындайды;

3) облыс әкімі жанындағы Терроризмге қарсы комиссиясының, Өңірлік жедел штаб отырысын өткізуді қамтамасыз етеді;

4) Терроризмге қарсы комиссияның, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының, облыс әкімі жанындағы Өңірлік жедел штабтың, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Республикалық жедел штабтың хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді;

5) «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес,             Маңғыстау облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша бақылауды жүзеге асырады;

6) Маңғыстау облысының аумағында арнаулы мемлекеттік органдар өткізетін облыстық және республикалық деңгейдегі терроризмге қарсы         оқу-жаттығуларға тікелей қатысады;

7) Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментімен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру;

8) өз құзыреті шегінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді.

  1. Міндеті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу және «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыруын қамтамасыз ету шеңберінде Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

1) терроризм мен экстремизмнің алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жобаларын әзірлеу;

2) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Маңғыстау облысы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

3) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) Маңғыстау облысының аумағында терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығына терроризм мен экстремизмнің алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру, оның көріністерінің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) Маңғыстау облысы аумағында өңірдің қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг жүргізу арқылы «Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» іске асыру;

6) облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың (құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өңірлік комиссия, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб, қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі үйлестіру кеңесі) отырыстарының материалдарын дайындау және өткізу;

7) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша прокурорлық ден қою актілеріне материалдар мен жауаптарды дайындау;

8) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оларға жауаптар дайындау;

9) мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің сұрауы бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру беру;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен терроризм мен экстремизм актісінен зардап шеккен адамдарға қажетті құқықтық және өзге де консультациялық көмек көрсету;

11) Қазақстан Республикасының терроризмге және экстремизмге қарсы   іс-қимыл саласындағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

  1. Негізгі міндеттерді және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде:

1) өз құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, аппарат бөлімшелерінің ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

2) жергілікті және аумақтық басқару органдарынан Бөлім мен Аппараттың функционалдық қызметіне қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру беруге;

4) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде комиссия жұмысына және кеңеске қатысуға;

5) нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттерге сәйкес, Бөлім өткізетін          іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, аппарат, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

6) ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамын сапалы және сандық жинақтауға қатысуға;

7) Маңғыстау облысының дін істері басқармасының ақпараттық-насихаттық, оңалту жұмыстарының тиімділігіне мониторинг жүргізуге және бағалауға;

8) облыстың мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының ғимараттары мен нысандарына, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерге кедергісіз кіруге;

9) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру,

оның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы:

1) Бөлім қызметкерлеріне нақты мақсаттар мен міндеттерді қою бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады;

2) Бөлімнің персоналды тікелей желілік басқаруын жүзеге асырады;

3) Бөлімнің Аппараттың басқа бөлімдерімен, жергілікті және аумақтық басқару органдарымен функционалдық өзара іс-қимылын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

4) Нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды дайындау жөніндегі бағдарламаларды, болжамдарды, іс-шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, қамтамасыз етеді және тікелей қатысады;

5) басқарушылық құжаттарды дайындау мен іске асыруды ұйымдастырады және тікелей қатысады;

6) Бөлімнің статистикалық және талдау қызметін орындауды ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;

7) Бөлім жұмысын жедел жоспарлауды жүзеге асырады және Бөлім қызметкерлерінің бірқалыпты жүктемесін қамтамасыз етеді;

8) Бөлім қызметкерлерінің моральдық-психологиялық ахуалын, қызметтік қатынастардың субординациясы мен этикасын қамтамасыз етеді;

9) Бөлім қызметкерлерінің тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

10) тиісті ақпаратты Бөлім қызметкерлеріне жеткізеді;

11) Бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату, сондай-ақ көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныстар дайындайды және Аппарат басшылығына ұсынады;

12) Бөлім қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

13) Аппараттың құпия және қызмет бабында пайдаланылатын ақпаратын басқа ұйымдар мен үшінші тұлғаларға жария етпейді;

14) Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына дербес жауапты болады;

15) лауазымдық нұсқаулықта көзделген функционалдық міндеттерге сәйкес оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  1. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін бөлімнің бас инспекторларының бірі атқарады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024