Маңғыстау облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

1-қосымша

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – ПБҚ) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Аппаратты және облыстық басқармаларды кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
  2. ПБҚ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің мемлекеттік қызмет саласындағы актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. ПБҚ 6 бірліктен тұрады:

1) басшы;

2) 3(үш) бас инспектор;

3) 2(екі) бас маман.

  1. ПБҚ құрылымы, штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

 

  1. ПБҚ-ның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. ПБҚ міндеті: Аппарат пен облыстық басқармалардың персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) Аппараттың персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) Аппарат пен облыстық басқармалардың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) Аппараттың және облыстық басқармалардың кадрлық құрамын қалыптастыру, Аппараттың және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу;

4) Аппарат кадрларының мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

  1. ПБҚ міндеті: Аппарат пен облыстық басқармалардың персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Аппаратта және облыстық басқармаларда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) Аппарат және облыстық басқармалар кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;

3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде «е-қызмет» ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз ету;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.

  1. ПБҚ міндеті: Корпоративті мәдениетті қалыптастыру және Аппаратта қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) Аппаратта еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, Аппарат актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;

3) мемлекеттік қызметшілердің «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалық бағдарламасы аясында жұмысты ұйымдастыру.

  1. ПБҚ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.

ПБҚ-ға оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында ПБҚ өз құзыреті шегінде:

1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

2) осы Ережеге сәйкес құзыреті шегінде тексерулер жүргізуге;

3) өзіне заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінен, жергілікті және аумақтық органдардан сұратуға және алуға;

4) Аппарат басшысын тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыстардың көлемі туралы хабардар етуге;

5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;

6) ПБҚ жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде Кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;

7) облыс әкімі мен аппарат басшысының нұсқауына сәйкес қалалық, аудандық әкімдіктердің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ПБҚ қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қызметіне тексеру жүргізуге;

8) жүктелген міндеттерге сәйкес ПБҚ жүргізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, аппарат қызметкерлерін тартуға;

9) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасауға;

10) ПБҚ-ға жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

  1. ПБҚ қызметін ұйымдастыру

 

  1. ПБҚ аппараттың басқа құрылымдық бөлімшелерінен дербес, облыс әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.
  2. ПБҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  3. Басшы болмаған уақытта оның міндеттерін бас инспекторлардың бірі атқарады.

 

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024