Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

4-қосымша

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

бірыңғай заң қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бірыңғай заң қызметі (бұдан әрі – Заң қызметі) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің жұмысы ұлттық заңнаманың тұтастығын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие және тиісті салада мемлекеттік саясатты іске асыруды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.
  4. Бөлім қызметіне Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік етеді.
  5. Бөлім қызметінің құрылымын және штат санын мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы штат санының лимиті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.
  6. Заң қызметі:
  • Бөлім басшысы;
  • 6 (алты) бас инспектор;
  • 1 (бір) бас маманнан тұрады.

     

  1. Бөлім қызметінің міндеттері, құқықтары және міндеттемелері

 

  1. 1. Бөлім қызметiнiң мiндеттерi:

      1) мемлекеттiк органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

     2) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттiк оpгандардың заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

      4) мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру, мемлекеттiк органда құқықтық насихаттауды ұйымдастыру;

      5) нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

  1. Заң қызметiнiң құқықтары:

       1) Ереженің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрату;

       2) мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі құқықтық актілері мен өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ құқықтық насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелерді тарту;

       3) біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) әділет органдарында, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың заң қызметтерінде тағылымдамадан өту арқылы өз қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына норма шығармашылық қызметтің қызығушылық танытатын мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар өткізу туралы ұсыныстар енгізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша материалдық ынталандыру алу.

      Заң қызметiнiң міндеттемелері:

      1) мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiру;

      2) мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттарың және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысу;

      3) құқықтық актілердің жобаларын әзірлеумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін тоқсан сайын тағылымдамалар мен семинарлар өткізу;

      4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.

  1. Заң қызметiнiң функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Үкімет Аппаратында Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастама жасаған заң жобаларына енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде мемлекеттік орган әзірлеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде қатысу;

      2) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын және құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды, соның ішінде құқықтық насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу;

      3) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерге түсіндірме беру;

      4) мемлекеттік орган әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жүйелі есепке алуды ұйымдастыру;

      5) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелерін:

      норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге жоғары тұрған басшыны;

      қабылданған шаралармен бірге әділет органын хабардар ету;

      6) тиісті сот талқылауына алып келген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін жартыжылдықта бір реттен сиретпей талдау жүргізу және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе мемлекеттік органның аппарат басшысына оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      7) мемлекеттік органда құқықтық мониторинг жүргізу жұмысын үйлестіру;

      8) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, осы  Ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, барлық сот сатыларында мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөнінде уақытылы шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына наразылық келтіру туралы өтінішхатпен жүгіну;

       9) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау салуды қарау және осы Ережеге қоса берілетін алгоритмді сақтай отырып, тиісті лауазымды адамға ұстанымды енгізу.

 

3-тарау. Заң қызметінің жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Заң қызметінің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің ақтілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруға қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.

      Бөлім қызметіне осы Ережеде және заңнамалық актілерде көзделмеген функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

  1. Бөлім қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшы басқарады.
  2. Бөлім қызметі басшысы заңнамада белгіленген жағдайларда:

      Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және Бөлім қызметіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;

      мемлекеттік органның басшылығына Бөлім қызметінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.

  1. Бөлім қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім қызметі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
  2. Мемлекеттік органдар әділет органдарына жетекшілік ететін салаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына түсіндірме беру туралы хаттар жіберген кезде оған мемлекеттік органның Бөлім қызметінің тиісті түсіндірмесі қоса беріледі.
Дата публикации
29 ноября 2024