Маңғыстау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

-----қосымша

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы

  ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ереже

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының аумағында тұратын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және талдау жүргізуді бақылау үшін құрылған.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

 

  1. Міндет: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау.

Функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың:

қағаз түріндегі, оның ішінде пошта байланысы арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол;

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электрондық форматта;

2) мәселелердің сипатын анықтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;

3) мемлекеттік және жергілікті атқарушы, оның ішінде аудандық/ауылдық деңгейдегі органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;

4) Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасын және олардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған әкімнің бақылауындағы шараларын талдау;

5) Бөлімнің құзыреті шеңберінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптарын сапасыз орындалған жағдайда пысықтауға жіберу;

6) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өтініш берушілерге жауаптар жолдау;

7) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыру;

8) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету;

9) аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысын мониторингтеу.

  1. Міндет: жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарларының, әкім аппараты басшысының және орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ әкім аппаратының алдын ала жазылу бойынша қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;

2) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кезінде облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшысы орынбасарының қатысуын қажеттілік болған жағдайда  қамтамасыз ету;

3) облыс әкімінің аппаратында не басқа елді мекенде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке қабылдауды қажеттілік боған жағдайда ұйымдастыру;

4) аудан/қала әкімінің, аудан/қала әкімі орынбасарларының және аудан/қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде бейнеконференц байланыс форматында тұрақты көшпелі қабылдауларын ұйымдастыру;

5) аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты мониторингтеу;

6) аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыруды және өткізуді бақылау.

  1. Міндет: келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Функциялары:

1) өтініштерді контент-талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;

2) аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелер мониторингі, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру;

3) әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мыналар бойынша ұсыныстар дайындау:

өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

экономиканың жекелеген секторларын, аудандарды/қалаларды дамыту;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген басқа да өзекті мәселелер;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мен өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;

6) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын жарты жылда бір рет дайындау;

  1. Міндет: мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету, өзекті жүйелі проблемалар мен үздік тәжірибелер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

2) өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

3) өз құзыреті шегінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен сараптамалық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен жоғары қоғамдық резонанс тудыратын маңызды мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтарын құруға бастамашылық жасау;

4) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау;

5) құқық қорғау блогының – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы офистерінің өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

6) «Е-өтініш» жобасын әзірлеу және іске қосу шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

7) адам құқықтарын қорғау және халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша кездесулер ұйымдастыру және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының және келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ басшыларының, қоғам қайраткерлерін тыңдау;

  1. Міндет: жергілікті атқарушы органдардың Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің өтініштерін қарауды шеңберінде берген тапсырмаларын уақтылы және толық іске асыруын бақылау.

Функциялары:

1) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі басшылығы, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығы, әкімнің тапсырмаларын іске асыру бойынша өтініштерді қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

2) орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізу;

3) бұқаралық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын жергілікті жерге барып тексеру;

4) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен байланысты Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, атқарушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

5) облыс әкімі аппаратының, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;

6) жергілікті атқарушы органдардың, аудандар/қалалар әкімдерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша есептік алқалы іс-шараларына қатысу;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының нақты өтініштер бойынша тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау;

  1. Міндет: іс жүргізу талаптарының өтініштерді қарау бөлігінде сақталуын бақылау.

Функциялары:

1) өз құзыреті шеңберінде облыс әкімі аппаратында, аудандық/ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бөлігінде тексеру;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын бақылау, облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама беру.

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанындағы және қала, аудандарда орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын бақылау.

Функциялары:

  • Азаматтарды қабылдау орталықтары алаңында жергілікті атқарушы органның және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларының жеке қабылдауының бекітілген кестеге сәйкес өткізілуін қадағалау;
  • жергілікті атқарушы органның және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің кеңес беру, жеке қабылдаулар жүргізу және өтініштерді қабылдау үшін әмбебап алаң ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Жеке қабылдау кестесін мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында және Маңғыстау облысы әкімінің ресми ақпараттық ресурсында орналастыру;
  • Азаматтарды қабылдау орталықтарының келушілері жөнінде мониторинг картасының жүктемесі арқылы бақылау жүргізу, ай сайынғы есептілікті жинақтау және жиынтық ақпарат дайындау;
  • Азаматтарды қабылдау орталығындағы қызметкерлердің жұмыс процесінде белгілі болған азаматтардың дербес деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етілмеу талаптарын сақталуын қадағалау.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген  тәртіппен  Аппарат басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім  басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады;
  4. Бөлімнің басшысы облыс әкімі аппаратының басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  5. Басшы осы мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
29 ноября 2024