Маңғыстау облысы әкімі аппаратының цифровизацияны дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі туралы ережесі

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

6-қосымша

 

Маңғыстау  облысы  әкімі аппаратының

цифровизацияны дамыту және мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің  мониторингі  бөлімі туралы

ережесі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті атқарушы органдардың облыстың өңірлерінде цифрландыруды дамытуға жәрдемдесу және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін  үйлестіретін  Маңғыстау  облысы  әкімі  аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлім 4 бірліктен құралады:

1) Бөлім басшы;

2) 2 (екі) бас инспектор;

3) бас маман;

  1. Бөлімнің штат саны Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

                                

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен  міндеттері

 

  1. Міндеті:

1)  цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, өңірлерді цифрландыру шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, өңірлерді цифрландыру бойынша жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу болып табылады.

Функциялары:

  • Маңғыстау облысында цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға;

2) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға;

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

4) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіруге;

5) «Ақылды қала» технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіруге;

6) цифрландыру, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторымен, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге;

7) бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

  1. Міндеті:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті  қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық     іс-шаралар жоспарының 84-тармағын орындау аясында мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша шаралар қабылдайды;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;

 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның, ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарына қатысады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізеді;

5) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың өзектілігіне мониторинг және талдау жүргізеді;

6) жергілікті атқарушы органдармен, облыстың атқарушы органдарымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ филиалдары және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі бойынша шаралар қабылдайды;

7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақаулықтарды жою және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды;

8) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҚЕ АҚ  филиалдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

9) «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара                     іс-қимылы» блогының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша Әкімдіктің жұмыс тиімділігін операциялық бағалаудың оң нәтижесіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылдайды;

10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылармен кері байланысты орнату мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушыларға қолжетімді нысанда хабардар етілуі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

  1. Міндеті: көрсетілетін қызметті берушілермен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің, заңнамалардың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түскен өтініштерді талдайды;

3) бақылау объектілерінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы мәніне ішкі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін  жоспарлы құжатты (бақылау іс-шараларының жоспары және басшылықтың бұйрығы) әзірлейді;

4) мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда, ведомствосына бағынысты ұйымдарда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, бақылау іс-шараларын және қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізеді;

5) бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде мерзімдердің және (немесе) тәртіптің бұзылуы, сондай-ақ негізсіз бас тарту анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аумақтық департаментін хабардар етеді;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде, талдамалық анықтаманы жалғай отырып, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есебін беруді қамтамасыз етеді;

7) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің қорытындысын есепке ала отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттануын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның орындалысы бойынша шаралар қабылдайды.

  1. Міндеті: мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, облыстың атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру.

Функциялары:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыретін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету және бақылау мәселелері бойынша іс-шараларды, оқыту семинарларын ұйымдастырады;

2) жергілікті атқарушы органдардың, облыстың атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруді және оларға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың бұзылуын болдырмау бойынша бақылау мен алдын алу шараларын іске асыруды қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшелердің жұмысын күшейту мақсатында, бақылау іс-шараларын қала мен аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің аумақтық департаменті өкілдерімен бірлесіп өткізеді;

4) мемлекеттік органның  миссиясын, стратегиялық міндеттері мен мақсаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жобаллау қызметін  жүзеге асырады. 

  1. Бөлім жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  2. Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында өз құзыретінің  шегінде: 

1) Бөлімнің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша мемлекеттік  органдармен, мемлекеттік қызмет   көрсететін  субъектілермен, облыс  әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен  қызметтік хат  алмасуға;

2) Бөлімнің  міндеттері мен  функцияларын орындау  үшін қажетті мәліметтерді, ақпараттар мен материалдарды, облыстың аумақтық  және жергілікті атқарушы органдарынан,  мемлекеттік  мекемелерінен және ұйымдарынан белгіленген  тәртіппен сұратуға;

3) өзінің құзыретіне  кіретін  мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

4) облыс  әкімінің  және облыс  әкімі аппараты басшысының  нұсқауларына  сәйкес Бөлім  қызметінің бағыттарына қатысты  мәселелер бойынша қала, аудан  әкімдіктерінің, облыстық  бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың  қызметіне тексеру  жүргізуге;

5) Аппарат басшысын тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыстардың көлемі туралы хабардар етуге;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің  талаптарын  бұзуға жол берген жергілікті  атқарушы органдар, мемлекеттік қызметтер   көрсететін субъектілер басшыларының тәртіптік жауапкершілігін қарау  жөнінде басшылыққа ұсыныстар  енгізуге;

7) облыстың мемлекеттік органдарына, мемлекеттік қызмет көрсететін  субъектілеріне  жүргізілген  тексерулер мен  мониторинг  қорытындылары бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы және олардың қызметін жетілдіру жөнінде  ұсыныстар әзірлеуге;

8) Бөлімнің жұмысына қатысты мәселелерді талқылау бойынша   комиссиялардың жұмысына және жиналыстарына қатысуға;

9) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық органымен іс-қимыл жасауға;

10) Бөлімге  жүктелген  міндеттер мен функцияларға  сәйкес  өзге де құқықтарды  жүзеге асыруға құқылы. 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі

 

  1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді облыс әкімі аппараты басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы:

1) Бөлімнің статистикалық және талдау қызметінің орындалуын ұйымдастырады, үйлестіреді және жүзеге асырады;

2) Бөлім персоналының тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

3) Бөлім жұмысын жедел жоспарлауды жүзеге асырады және Бөлім персоналының біркелкі жүктемесін қамтамасыз етеді;

4) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

  1. Бөлім басшысы орнында болмаған уақытта оның міндеттерін Бөлімнің бас  инспекторының бірі орындайды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024