Маңғыстау облысы
әкімі аппараты басшысының
2024 жылғы «____» __________
№ _____ бұйрығына
8-қосымша
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1) бөлім басшысы;
2) бас инспектор;
3)
4 бас маман.
Бөлім персоналын функционалды және тікелей басқаруды Бөлім басшысы жүзеге асырады.
Функциялары:
1) ағымдағы іс жүргізуді және мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі қолданыс аясын кеңейту, электрондық құжат айналымын дамыту, Әкімшілікке келіп түсетін хат-хабарды жүйелеу мен оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, орындалысын бақылау;
2) құпия емес іс жүргізу мен электрондық құжат айналымын жүргізу, келіп түскен және жөнелтілетін қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі хат-хабардың іс жүргізу талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) келіп түскен қызметтік хат-хабарды алдын ала қарау, бөлу, есепке алу және тіркеу, оны басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жедел жеткізу, құжаттардың уақтылы өтуін бақылау;
4) мемлекеттік органдардың «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген хаттарды тіркеу, таныстыру, бақылауға қою, орындалысын бақылау;
5) облыс әкімдігінің ұйымдастыру-тарату құжаттарын бұлтты құжат айналымы жүйесінде (БҚА) тіркеу, аппаратта өткізілетін облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жиналыстарының хаттамаларын тіркеу,тарату;
6) «Е-лицензирование» базасында өтініштерді тіркеу және уақытылы басшылыққа жолдау
7) хаттардың орындалу жағдайы туралы талдау дайынау;
8) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың бары-жоғын салыстыру, аппараттың жаңадан қабылданған қызметкерлеріне іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша нұсқама өткізу;
9) облыс әкімінің және облыс әкімі аппаратының елтаңбалы мөрлерін, қызметтік бланкілерін облыс әкімі аппаратының мөрлері мен мөртабандарын дайындау және тиісті қолданылуын қамтамасыз ету, осылардың есебін жүргізу;
Функциялары:
1) мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын іске асыру бойынша құжаттардың электрондық деректер базасы мен бақылау картотекасын жүргізу, орындауды ескерту «Бағдаршам» базасында тапсырмалардың орындалысын бақылау;
2) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаудың жай-күйі, оның ішінде сапасыз орындалғаны немесе мерзімін бұзушылық туралы атқарушылық тәртібі комиссиясының қарауына облыс әкімінің атына аналитикалық жазбалар мен анықтамалар дайындау;
3) Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру, орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға тексеру жүргізуге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
4) орындалған тапсырмалар бойынша орындау кәртішкесін толтырып, бақылаудан алу жөнінде қызметтік жазбалар дайындау.
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалысына дербес жауапкершілікте болады;
2) Президенттің актілері мен тапсырмаларының, Аппарат басшылығының тапсырмаларының уақтылы әрі егжей-тегжейлі орындалуын қамтамасыз етеді;
3) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары бойынша ұсыныс береді;
4) Бөлім жұмысын ұйымдастырады, тиісінше еңбек және қызмет тәртібін қамтамасыз етеді;
5) Аппаратта белгіленген қағидаларға сәйкес Бөлімде іс жүргізуге жауап береді;
6) Бөлімнің қызметіне талдау жүргізіп, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
7) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, көтермелеу немесе оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
8) белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы баяндайды;
9) аса маңызды хат-хабар мен қажетті жедел деректерді облыс әкіміне және Аппарат басшылығына ұсынады;
10) Бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыруда Аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
11) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуге жауапты қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда және жұмыстан босатуда олардың кандидатураларын келіседі.