Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2024 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

9-қосымша

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының талдау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.
  4. Бөлім мыналардан тұрады:

1) Бөлім басшысы;

3) 7 (жеті) бас инспектор;

Бөлімнің функционалдық басқаруын және персоналды желілік басқаруын Бөлім басшысы жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • облыстың әлеуметтік дамуына талдау жүргізу;
  • облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ұсыныстар енгізу;
  • Аппаратының талдамалық жұмысын үйлестіру, талдау және ғылыми зерттеулер саласындағы салалық институттармен өзара іс-қимыл жасау; 
  • білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, архив және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, еңбек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, діни, ішкі саясат, тіл және жастар саясаты, этносаралық мәселелер бойынша облыстың қоғамдық-саяси жағдайын, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі әлеуметтік даму жағдайын сипаттайтын материалдарға талдау жүргізу және облыс әкімі мен әкім орынбасарлары үшін дайындау;
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкім өткізетін алқаларды, кеңестерді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • Облыс әкімінің қатысуымен кеңестерді, облыс ішіндегі жұмыс сапарларын және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • Облыс әкімі жанындағы кеңесте қарау үшін құжаттар мен тапсырмалардың орындалуын талдау негізінде, жергілікті мемлекеттік органдарда атқарушылық тәртіптің жай-күйі туралы ақпарат дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, сондай-ақ облыс әкімі бекіткен стратегиялық бағдарламалық құжаттарда көзделген мақсаттарға, нәтижелерге қол жеткізу дәрежесіне, сондай-ақ реформалардың іске асырылу барысына жедел мониторингті және ахуалдық талдауды қамтамасыз ету.
  • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау негізінде, әлемдік, өңірлік тәжірибені зерделеу және облыс экономикасының әртүрлі салаларын дамыту бойынша сол тәжірибелерді қолдану негізінде ұсыныстар мен аналитикалық материалдар дайындау;

11) Әкім сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

12) Маңғыстау облысының стратегиялық даму жоспарының іс-шараларын, облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын жасауға қатысу;

13) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін уақтылы және тиісті дайындауды, ресімдеуді қамтамасыз ету;

14) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелермен, басқармалармен мониторингті және өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 

15) Облыстық басқармалардың, комитеттердің Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқа отырыстарына қатысу;  

  1. Міндет: Әкімнің кеңестеріне және үкімет отырыстарына материалдарды жинау.

Функциялар:

1) Облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар дайындаған материалдар негізінде әкімнің кеңестеріне, Үкімет отырыстарына материалдарды жинауды, жинақтауды және жүргізу тәртібін өңдеуді үйлестіру және талдау; 

2) Облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар дайындаған материалдар негізінде облыс әкімінің сөз сөйлеу тезистерін, құттықтау сөздерін жинауды, жинақтауды және өңдеуді үйлестіру және талдау; 

3) Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, Облыс әкімі аппараты туралы ереженің, облыс әкімдігінің Регламенті мен облыс әкімі аппаратының, сондай-ақ осы Ереженің талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Міндеті: Маңғыстау облысы әкімінің аппараттық жұмысын, регламенттік және негізгі іс-шараларын жоспарлауды, мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету.

Маңғыстау облысы әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі өткізетін кеңестерін, кездесулер мен сапарларын, басқа да іс-шараларын ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) Облыстық басқармалардың Мемлекет Басшысының нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі басшылығының тапсырмаларын уақытылы орындауына талдауды, мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

2) Облыстық басқармалардың қызметін үйлестіреді, талдайды және мониторинг жүргізеді;

3) Облыстық басқармаларда Жобалық басқару аясындағы жобаларға мониторинг жүргізеді;

4)  аппаратында құжаттармен жұмыстың ұйымдастырылуын тексереді, облыс әкіміне құзыретіне қатысты орындаушылық тәртіп бойынша қызметтік жазбаларды дайындайды;

5) Облыстық басқармалар бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылған жергілікті атқарушы органдардың интернет-порталының ашық деректермен толтырылуын бақылайды;

6) Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттар мен материалдарды талдайды, зерделейді және қорытады;

7) Бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыстық басқармаларында атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;

8) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер береді, Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысады;

9) қажетіне қарай  жергілікті жерлерге шығу  арқылы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардан, облыстың өзге де мемлекеттік органдарынан, ұйымдарынан, мекемелерінен, кәсіпорындарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратады және алады;

10) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Міндеті: жетекшілік ететін мәселелері бойынша қажетті материалдарды қалыптастыру және кеңес хаттамаларын дайындау, мерекелік, атаулы күндерге байланысты іс-шараларды және облыс әкімінің қатысуымен өтетін басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.

Функциялары:

1) облыс әкімі мен әкімдігінің ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді;

2) жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиналыстарға материалдар қалыптастырады;

3) облыс әкімінің аппаратына ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, сайлауды және басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу бойынша жүктелген функцияларды орындайды;

4) әкімдер аппараттарына және басқа да атқарушы органдарға ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

5) облыс әкімінің апта сайынғы аппараттық кеңестерін және өзге де кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

6) ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Премьер-Министрінің Кеңсесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша апта сайынғы жедел ақпаратты жібереді;

7) облыстық басқармалармен, облыстық мәслихат аппаратымен қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

8) облыстық басқармаларымен әдістемелік және консультациялық көмек көрсету  жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

9) мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, бөлімдерден, облыстық басқармалардан, аумақтық департаменттерден, барлық деңгейдегі әкімнің аппараттарынан оның құзыретіне кіретін саласындағы мәселелер бойынша ақпарат сұратады.

  1. Міндеті: мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыс әкіміне, аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындау.

Функциялары:

1) облыстық басқармалардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың жауапты мемлекеттік органдарының қызметін бақылау және байқау жүргізеді;

2) облыс әкіміне, облыс әкімі аппаратының басшысына жергілікті жерлерде атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша құжаттар мен материалдар дайындайды, облыстық басқармалардың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) облыстық басқармалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

4) облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық басқармалардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдайды және басшылыққа енгізеді.

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

Бөлім өз құзыреті шегінде:

1) Облыс әкімі аппаратының басшысына және оның орынбасарларына тікелей бағынысты болуға;

2) Атқарушы органдардан, құрылымдық бөлімшелерден, зерттеу институттарынан, кітапханалардан, мұрағаттардан және өзге де көздерден лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, материалдарды, сондай-ақ басшылықтың тапсырмалары мен жүктеген міндеттерін орындауды кешіктіру себептері туралы түсініктемелерді белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 

3) Өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, оларды тиісті органдар мен лауазымды адамдардың орындауын талап етуге;

4) Облыс басшылығы өткізетін кеңестерге, алқаларға қатысуға, сондай-ақ бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер мен кездесулер өткізуді ұйымдастыруға;

5) Аппарат басшысына Бөлім қызметінің бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

6) Облыс әкімі аппаратының қолданыстағы заңнамаға және оған сәйкес қабылданған ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтауға;

7) Бөлімнің алдына қойылған міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдауға;

Бөлім өз міндеттері мен функцияларын орындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды сақтауға міндетті.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттікке ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс аппарат әкімінің басшысы лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.
  3. Бөлім басшысы Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
  4. Бөлім басшысы облыс әкімі аппаратының басшысына Бөлімнің құрылымы мен шаттық кестесі жөнінде ұсыныс енгізеді.
  5. Осы мақсатта Бөлім басшысы:

1) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін айқындайды;

2) Бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

3) Облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

4) Облыс әкімі аппараты басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады;

5) Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау туралы ұсыныс енгізеді;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарға сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. 

  1. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері

 

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде:

1) қызметтік комиссиялар шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын облыстың атқарушы мемлекеттік органдарында облыс әкімінің тапсырмаларын орындау бойынша тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады;

2) қажет болуына қарай басшылыққа құзыретіне сай ұсыныстар енгізеді;

3) Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Маңғыстау облысының әкімдігіне берген тапсырмаларын, облыс әкімінің тапсырмаларын орындамағаны үшін облыстық басқармалардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

  1. Бөлімді аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  2. Бөлім басшысы аппарат басшысының, оның орынбасарларының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
  3. Бөлім Басшысы:

1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

2) Бөлімнің әрбір қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) жүктелген өкілеттіктер шеңберінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімінің, аппарат басшысының және оның орынбасарларының өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024