Маңғыстау облысы әкімдігінің
2024 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысына қосымша
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат акима Мангистауской области».
«Маңғыстау облысы әкімдігінің Іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
«Қоғамдық коммуникация орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2-тарау. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, өкілеттігі мен функциялары
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Маңғыстау облысының әкімдігі мен әкімінің өкілеттігін іске асыруды қамтамасыз ету;
2) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен белгіленген өзге де міндеттер.
1) Маңғыстау облысының әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру;
2) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, лауазымды тұлғалар мен өзге де ұйымдардан Маңғыстау облысының әкімдігі мен әкімінің құзырет мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алуға сұрату жолдау;
3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйым басшыларына қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);
4) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамды өзін-өзі басқару органдарымен және басқада ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгеде құқықтарды жүзеге асыру.
1) Маңғыстау облысы әкімдігінің Регламентiн сақтауды қамтамасыз ету;
2) облыс әкімдігінің отырыстарында қарау үшін тоқсан сайынғы мәселелердің тізбесін дайындау;
3) жергілікті атқарушы органдардың әзірлеген облыс әкімінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің, сондай-ақ Аппарат басшысы бұйрықтарының жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытынды (анықтама) дайындау;
4) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;
5) облыс әкімдігінің отырыстарына, облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестеріне материалдарды дайындау;
6) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін жүйелі түрде хабардар ету, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
7) облыс әкімінің масс-медиамен байланысын қамтамасыз ету;
8) барлық сатыдағы соттарда облыс әкімі мен әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, бақылау-қадағалау органдарының актілерін қарау;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының, әкімдік жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының, адам саудасына қарсы іс-қимыл өңірлік комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;
10) облыстағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерделеу және талдау, оның дамуын болжау, қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдік мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
11) облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
12) Аппараттың облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру;
13) кадр мәселелері жөніндегі бірыңғай конкурстық, тәртіптік және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;
14) облыс әкімі аппараты мен қалалар, аудандар әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу;
15) кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу мен енгізуді ұйымдастыру, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тағылымдамадан өтуін, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен кадрлық саясатты жүзеге асыру;
16) қызметтік құжаттарды қарау;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін /шағымдарын қарау;
18) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде Аппарат қызметкерлерiн жеке қабылдауды ұйымдастыру;
19) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
20) мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына, іс жүргізу қағидаларының сақталуына, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шаралар қабылдау;
21) құпиялық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, Аппарат қызметкерлерінің, облыс әкімі тағайындайтын басқа да лауазымды тұлғалардың құпия құжаттарды пайдалануға рұқсат беруге арналған материалдарды ресімдеу;
22) ақпараттық технологияларды, электрондық құжат айналымы жүйесі мәселелерін енгізеді;
23) қолданыстағы ақпараттық жүйелерді басқару, облыс әкімінің сайтының жай-күйіне және оны орналастыру үшін ақпараттың уақтылы түсуіне әкімшілік бақылауды жүзеге асыру;
24) Аппараттың цифрландырылуын және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдау;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
26) облыс әкімінің терроризм және экстремизм профилактикасының мәселелері бойынша қызметін қамтамасыз ету;
27) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысын үйлестіру;
28) мемлекеттік ақпараттық саясатты ілгерілету бойынша жағдайлар жасау;
29) өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде әдістемелік қолдау;
30) құқық бұзушылықтың профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимыл жасасу;
31) облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін кеңестерін, семинарлары мен өзгеде іс-шараларын өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдарымен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;
32) облыс әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
33) мемлекеттік наградалармен, Маңғыстау облысының құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғысымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
34) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайлауды өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды жүзеге асыру;
35) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралардың орындалуын және азаматтық қорғау саласындағы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
36) облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (құрама) пункттерімен, дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетуші персонал тұлғаларымен және медициналық комиссиялар құру;
37) әкімнің, облыс әкімдігі мүшелерінің тапсырмасы бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша және жазбаша түсініктемелерін тыңдау;
38) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
3) мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Аппараттың мүддесін білдіреді;
2) Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
3) Аппарат туралы Ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысына бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандыру (сыйақылар) белгілейді;
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, Аппарат бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Аппараттың қызметкерлерін тағайындайды, жұмыстан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
8) Аппараттың қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
9) әкімге әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын қол қоюға ұсынады;
10) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
12) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
13) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;
14) азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
16) әкім жүктейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Аппарат басшысы болмаған кезінде оның өкілеттігін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің және оны Аппарат басшысының бұйрығымен бекітілетін бөлімдер және (немесе) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің негізінде іс-қимыл жасайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Аппарат мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26.Аппарат бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату