Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 194 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізу және сапасын бақылау;»;
«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарға ықпал ету.».
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай