Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекіту туралы» 2010 жылдың 11 мамырдағы бекітілген №399 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жергілікті маңызы бар «Манашы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар болып қысқартылсын.
- «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Құлжановқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай