№ 21
11.10.2024 жыл
№ 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Маңғыстау облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Маңғыстау облысының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қараша сағат 18.00-ге дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қараша сағат 18.00-ге дейін белгіленсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Маңғыстау облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау облысының сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға Е. Абилов
Хатшы К. Избасарова