Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 23 «Маңғыстау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 26868 болып тіркелген) күші жойылсын деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай