Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3760 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы»;

 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағының айналасына меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан ені екі шақырым жалпы ауданы 63864,2 гектар күзет аймағы белгіленсін.»;

  2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағының айналасында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ж. Құлжановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі

 

Н. Қилыбай

Дата публикации
25 сентября 2024