Маңғыстау облысының қаржы басқармасы
2024 жылғы 20 маусымда Маңғыстау облысы қаржы басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша кандидат Адайхан Назерке Айсағалиқызы, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды мониторингілеу бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша кандидат Кадиров Еркінбек Тұрмуханұлы, Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бюджеттік бөлімнің әлеуметтік сала ұйымдары бюджетінің атқарылу мәселелері бойынша бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 2025 жылғы 25 мамырға дейінгі демалыс кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша кандидат Жамбусов `Арман Иватоллаұлы оң қорытынды алды.
Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бюджеттік бөлімінің мемлекеттік және құқық қорғау органдары бюджеттерінің атқарылуы бойынша бас маман(D-О-4 санаты, 1 бірлік) және Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің қаржылық есептілікті қалыптастыру мәселелері бойынша бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты 2025 жылғы 25 шілдеге дейінгі демалыс кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына оң қорытынды алған кандидат болған жоқ.
Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
2024 жылғы 20 маусымда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша кандидат Қуаныш Аида Тосынбекқызы оң қорытынды алды.