Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарына
2024 жылғы 1 тоқсан бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын іске асыру бағытында Маңғыстау облысында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
«Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен кез-келген жолданымдар ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті (ӘРПК) басшылыққа ала отырып, орындалу талаптарының нормалары сақталып, уақытында тіркеліп, өтініш иелеріне тиісті жауаптары берілуде. Өтініштердің мерзімдерінің бұзылуының алдын-алу мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімі тарапынан тиісті деңгейде бақылау қамтамасыз етілуде.
Маңғыстау облысы бойынша «Qlik» аналитикалық жүйесімен алынған мәліметпен 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша 25919 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалар - 88,6%, заңды тұлғалар – 11,4 % құрайды.
Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылдың 1 тоқ саны бойынша жергілікті атқарушы органдарда «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне барлығы 12680 өтініш тіркелді.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың атына өтініштердің 37% – әйелдер, 63% – ер адамдар жолдаған. Өтініш берушінің орташа жас көрсеткіші 30-40 жасты (34,4%) құрады.
«Qlik» аналитикалық модулінен алынған мәліметтерді кросс-талдау арқылы өтініш берушілер есепті кезеңде өтініштерде көтерген топ-3 проблемалық мәселелер айқындалды. Есепті кезеңде өтініштердің басым бөлігі төмендегідей мәселелерді қамтиды.
Жер және жерді пайдалану мәселелері –-1600-6,2 % ;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері-2098 -8,1%
Еңбек қатынастары және азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері- 1329 -5,1 %).
Аталған мәселелер бойынша, тиісті құзырлы органдар, өтініш иелеріне заң аясында уақытымен жауаптарын жолдауда. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік мақсаттарға, тұрғын үй салу үшін жер сұраған азаматтарға қолданыстағы заң аясында түсіндіріп, жауаптары берілуде.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық мәселелері. Осыған орай, облыс халқын жұмыспен қамту мәселелерін шешу бағытында, мемлекеттік қабылданған бағдарламалар аясында, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуетін және Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын негізге ала отырып, еңбек нарығын жан-жақты зерделеніп, қарастырылуда. Маңғыстау облысы бойынша өзекті мәселелердін бірі жұмыссыздық мәселесімен қатар жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек даулары бойыншада мәселелер болып, заң аясында қарастырылып, шешілуде.
Облыс әкімінің аппаратына есептік кезеңде ҚР Президенті Әкімшілігінен 8 өтініш бойынша тапсырма түсіп, уақытымен орындалуда. Тапсырмаларды орындау барысында мерзім бұзушылық болған жоқ.
І тоқсанның қорытындысымен 25919 өтініштің, өтініші, яғни 88,88%-ы орындалып, оның ішінде -14003 (57,1%) өтінішке қолайлы әкімшілік акт қабылданса, 693 (2,8%) өтінішке ауыртпалық актісі қабылданды.
Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша: 2945 – түсіндірме берілді (11,4%), 13406 – оң шешімін тапты (57,1%),108 – қараудан бас тартылды (0,4%), 693 – ауыртпалық актісі қабылданды (2,8%), 401 – назарға алынды (1,5%), 4660 – тоқтатылды (18%), толықтай қанағаттандырылғаны-238(0,9%), 306- қайталанған өтініштер (дубликат) (1,1%), 241-(0,9%), өтініш жеке қабылдау барысында қанағаттандырылды.
2024 жылдың 1-тоқсанында Маңғыстау облысының әкімі 12 қабылдау өткізіп, жалпы саны 149 азаматты жеке қабылдады (қаңтар айында 7 қабылдау – 68 азамат, ақпан айында 3 қабылдау – 52 азамат, наурыз айында 2 қабылдау – 29 азамат).
Қабылдау барысында:
1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 57;
2) Тұрғын үймен қамту – 27;
3) Әлеуметтік қолдау және қамту мәселесі – 12;
4) Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері - 7;
5) Кәсіпкерліктің жалпы мәселелері – 7;
6) Денсаулық сақтау жүйесі жөнінде – 6;
7) Жер және жерге орналастыру мәселелесі – 8;
8) Еңбек қатынастары жөнінде – 4;
9) Спорт саласына қатысты ұсыныс – 3;
10) ауыл шаруашылығы бойынша – 3;
11) мәдениет саласы, ономастикалық ұсыныс – 2;
12) Білім саласына қатысты мәселе – 2;
13) Құрылыс нысандарына қатысты шағым – 1;
14) Құқық қорғау органдарының әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым – 4;
15) өзге сұрақтар (мемлекеттік марапатқа ұсыну, тұрақты есепке тұру, діни бағыттағы ұсыныстар, жеке шоттарға салынатын тыйымдар, несие өтеу, бұралқы иттерді жою, т.б.) - 6 мәселелері тыңдалып, қаралды.
Бүгінгі күнге дейінгі ақпаратқа сәйкес, жұмысқа орналасу бағытында 3 мәселе шешімін тапты; денсаулық сақтау саласы бойынша 3 мәселе қанағаттандырылды; әлеуметтік қолдау және қамту бағытында 2 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты; коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылыммен қамту жөнінде 2 азаматтың мәселесі ішінара шешілді.
Облыс әкімінің орынбасарлары тарапынан 16 қабылдау өткізіліп, 175 азаматтың мәселесі тыңдалды (облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж. Қарағаев 4 қабылдауда – 5 азамат; облыс әкімінің орынбасары Қ. Құлжанов 7 қабылдауда – 157 азамат; облыс әкімінің орынбасары З. Есбергенова 5 қабылдауда – 13 азамат қабылдады).
Облыс әкімі аппараты басшысы тарапынан 1- тоқсанда 25 қабылдау өткізіліп, 346 азамат қабылданды. Оның ішінде 21 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты (7 еңбек қатынастары;23 әлеуметтік сала мәселелері; 1 жұмысқа орналасу).
Сонымен қатар, басқарма басшылары, қала, аудан, ауыл, ауылдық округ әкімдері және әкімдердің орынбасарлары 1102 қабылдау өткізіп,2624 адамды қабылдады. Олардың 1091 адамның мәселелері оң шешім тапты.
2024 жылдың 1 тоқсанында Маңғыстау облысы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығына жүгінген азаматтар саны – 1053.
Облыс әкімі және орынбасарлары мен аппарат басшысынан өзге, облыстық басқармалардың басшыларымен 23 қабылдау өтіп, 65 азаматтың мәселесі тыңдалды, басқарма басшыларының орынбасарлары 20 қабылдауына 51 азамат енгізілген;
Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары және орынбасарларының 9 қабылдауында 10 азамат жүгінді.
Сонымен қатар, ұжымдық әртүрлі мәселемен жүгінген топтық қабылдау талап еткен тұрғындар үшін құқық қорғау органдары (прокуратура және полиция департаменті) бірлесіп, 3 қабылдау өткізіп, 55 азаматтың мәселесін тыңдады.
Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері мамандары тарапынан 361 азаматқа кеңес берілді.
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Академиясың Маңғыстау облысы бойынша филиалы базасында мемлекеттік қызметкерлермен қатар, барлық білім беру ұйымдары мен денсаулық саласы мекемелерінің басшылары мен жауапты қызметкерлеріне, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың аппарат басшылары мен қызметкерлеріне, квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлеріне «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау бағыттары бойынша дәрістер өткізілуде.
Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелер және оларға бағынысты барлық ұйымдар «е-өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасап отыр.