Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 31 наурызда Маңғыстау облысының 5 сайлау округтерінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 23 кандидаттан барлығы 2 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 17 кандидатты тіркеді, 4 кандидатқа құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 астам кандидатты құрайды.

Тіркелген 17 кандидаттың 4 саяси партиялар, 13 өзін-өзі ұсынған. Оның 15 ер адам, 2 әйел адам. Тіркелген барлық кандидаттардың ұлты қазақ.

8 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3 партия қатарында жоқ, 6 партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жасы - 42.

17 кандидаттың да жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 5 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 9 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 2 - уақытша жұмыс істемейтіндер, 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда  00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Сілтемелер:

    1. Ақтау қаласы
    2. Бейнеу ауданы
    3. Маңғыстау ауданы
Дата публикации
06 марта 2024