Маңғыстау облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

2024 жылғы 31 наурызда Маңғыстау облысының 5 сайлау округтерінде (Ақтау қаласы мен Бейнеу, Маңғыстау аудандарда) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 22 - кандидат ұсынылды. Оның  8-і саяси партиялардан, 14-і өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 18 – ер адам және  4 – әйел адам.

13 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3 - партия қатарында жоқ, 6 - партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жас - 43 жас. Ұсынылған барлық кандидаттардың ұлты қазақ.

22 кандидаттың да жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 6 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 8 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 2 - саяси партиялар мен ҮЕҰ  қызметкерлері, 2 - уақытша жұмыс істемейтіндер,  4 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 29 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 16 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 5 наурыз сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 30 наурыз  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер:

  1. Ақтау қаласы
  2. Бейнеу ауданы
  3. Маңғыстау ауданы

 

Дата публикации
01 марта 2024