

Ағымдағы жылғы 13 ақпанда Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобаларын іске асыру бойынша жиын өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.М.Хайруллин, Антикоркомиссар, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімі аппаратының басшылары, жауапты мамандары, жобалық офисінің басшысы А.Д.Далабаев, әдеп жөніндегі уәкіл Е.Ж.Иса қатысты.
Жиында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асырудың 2023 жылғы қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспар жобасы талқыланды.
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы Е.Е.Мұрынбаев өз баяндамасында №4 ҮББ жобаларын іске асырудың 2023 жылғы қорытындысына тоқталып, 2024 жылға арналған жоспарға енгізілген жаңа міндеттер бойынша түсінік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.М.Хайруллин өз сөзінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екендігін және заң бойынша оны өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екендігін тағы бір атап өтті.
Жиын соңында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Жанар Оспанова сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттердің алдын алуда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін №4 ҮББ жобаларын іске асыруда белсенді өзара іс-қимыл жасауға шақырды.