Қала және аудан әкімдіктердің қызметкерлерімен халыққа өткізілген түсіндіру іс-шаралары

Қала және аудан әкімдіктердің қызметкерлерімен халыққа өткізілген түсіндіру іс-шаралары

Ақтау қаласы

- 27.01.2020ж. Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің қызметкерлерімен «Маңғыстау–Арена» спорт кешенінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді (30 адам қамтылды).

- 30.01.2020ж. Ақтау қаласының әкімдігі тұрғындармен «ашық есік» күнін өткізді. Шара барысында тұрғын-үй, атаулы әлеуметтік көсек және т.б. сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді (134 қала тұрғыны қабылданды).

- Ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, білім, АХАТ, Өмірзақ ауылы, ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру мақсатында «ашық есік» күндерін өткізді (202 адам қамтылды).

Сонымен бірге, «Ақтау қалалық білім бөлімі» ММ-сі білім саласындағы көрсетілетін қызметтер бойынша ата-аналарға № 8, 9, 6, 10, 11, 12, 13, 7, 14, 15, 16 жалпы білім беру ұйымдарында түсіндіру шараларын өткізді. Шара барысында бөлімінің қызметкерлері қала ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді (491 адам қамтылды).

Ағымдағы жылдың наурыз айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа түсіндіру мақсатында «Ақтау қалалық білім бөлімі» ММ-мен «Маңғыстау» республикалық күнделікті газетіне мақала жарияланған.

Мамыр айында 2 іс-шара өткізілді, қамтылған адамдар саны 1078:

 - «Ақтау қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-нің қызметкерлері қала тұрғындарына бөліммен көрсетілетін  мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат  БАҚ беттеріне (Манғыстау газеті №62-63/9852 28 мамыр 2020ж.) жариялады.    

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 мамырында қызмет алушыларға бөлім тарапынан көрсетілетін қызметтерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді (қамтылған адам саны – 20).

- «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің қызметкерлері ағымдағы жылдың 26 мамыр күні инстаграм желісінде «тікелей эфир» арқылы  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, көрсетілетін қызметтер туралы түсіндірілді (https://www.instagram.com/tv/CapB3pVnLvj/?igshid=r6vy17jbp8vx).

Жаңаөзен қаласы

2020ж. қаңтар айы:

- Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қызметтері бойынша «Жаңаөзен» телеарнасына сұхбат берді (https://youtu.be/ubObMq10gT8).

- ХҚКО-ның мамандарымен мемлекеттік қызметшілерге «egov mobile» қосымшасын қолдану бойынша оқыту семинары өткізілді. Қамтыған адам саны – 28.

- «Бала тууды тіркеу» мемлекеттік қызметінің электронды форматта көрсетілуін арттыру мақсатында қала әкімі аппаратының қызметкерлері, АХАТ бөлімі және ХҚКО қызметкерлері қалалық емхана мен көпбейінді аурухана мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді. Қамтыған адам саны – 13.

- Қалалық жер қатынастары бөлімімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында «ашық есік күні өткізілді. Қамтыған адам саны – 84.

- Көп балалы аналарды қолдау және атаулы әлеуметтік қызмет  көрсетудің жаңа әдістері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен «Жаңаөзен» телеарнасына бейнеролик шықты.

 

2020ж. ақпан айы:

- 07.02.2020ж. «Еgov mobile» мүмкіндіктері атты кәсіпкерлік бөлімінің және 28.02.2020ж. қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің «Қызмет шеңбері – тұрғын үй» атты «Жаңаөзен» газетіне мақалалары  жарияланды.

- 13.02.2020ж. спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бейнеролик жарияланды. (https://www.instagram.com/tv/B8g0vy4BXH1/?igshid=xf8p888otcj8)

- 17.02.2020ж. «Жаңаөзен» телеарнасында «Еgov mobile» қосымшасы туралы сұхбат берілді. (https://www.instagram.com/tv/B8qf_6HBlFt/?igshid=17ej8cpp3xzl8)

- 20.02.2020ж. сәулет және қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ХҚКО және ЖКЖМТТД (НПЦЗем) мамандарының қатысуымен, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі дөңгелек үстел өткізді. Қамтыған адам саны – 11 адам.

- 24.02.2020ж. «Халыққа қызмет көрсету» атты тақырыпта қалалық білім бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «ашық есік» күні өтті. Қамтыған адам саны – 44.

- «Бала тууды тіркеу» проактивті қызметі бойынша қалалық емханалармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Жаңаөзен» телеарнасына сұхбат берілді. Қамтыған адам саны – 11 (https://www.instagram.com/tv/B8OcZxNB0YK/?igshid=gpebgwpjhnp4).

 

2020ж. наурыз айы:

- Қалалық жер қатынастары бөлімінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде, электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бүгінгі жағдайы» атты мақала 31.03.2020 жылғы "Маңғыстау" газетіне жарияланды.

Бейнеу ауданы

- 06.03.2020ж.  ХҚКО-ның мамандарымен  бірлесіп  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  қызмет  алушыларға  электронды  форматта  қызмет  алуға  көшудің  тиімділігі  мен  маңыздылығын  түсіндіру  мақсатында  Сарға  ауылында  «Электронды  үкімет – қолжетімді  қызмет»  атты  семинар-кеңес  өткізілді (30-ға  жуық  тұрғын  қатысып,  30-дан  астам  брошюралар  таратылды).

- «Бейнеу  аудандық  жер  қатынастары,  сәулет  және  қала  құрылысы  бөлімі»  ММ-нің  қызметкерлері  мен  ХҚКО  қызметкерлерінің  қатысуымен  жер  қатынастары  саласындағы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  тізілімін  талқылау  мақсатында  «дөңгелек  үстел»  өткізілді (8  қызметкер  қатысты).  

 

Қарақия ауданы

- «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ мамандары мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру және мекемеде орналасқан «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштарының жұмысын жетілдіру мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қамтылған адам саны: 9

- «Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі ММ-сі ағымдағы жылдың 12 ақпан айында  5  «ашық  есік»  күнін өткізді.  Іс-шара кезінде  тұрғындарға  «Egov.kz»  электрондық  веб-порталы  арқылы «Тұрғын үй кезегіне қою» және «Бақытты отбасы бойынша» түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- А.ж. 18 ақпанда «Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығында» «KazStory LTD» ЖШС-нің сұранысымен шағын бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді (қамтылған адам саны - 70).

- А.ж. 24 ақпан айында Құланды ауылдық округі аппаратының мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ауыл тұрғындарына «Мgov» мобилді қосымшасы арқылы алынатын қызметтер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, 20 дана брашюралар таратылды. Қамтылған адам саны: 30.

- 2020 жылы 04 наурыз күні аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Қамтылған адам саны-10.

- «Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ ағымдағы жылдың 6 - 12  наурыз айында 2 түсіндіру шаралары және «ашық есік күндері» өткізілді (қамтылған адам саны – 17).

- Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында 12 наурыз күні "Ұрпақ Next" әлеуметтік қорымен "ТеңізШеврОйл" компаниясының әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде мүмкіндігі шектеулі әйелдерге арналған жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке барысында "Ұрпақ Next" өкілі жәрмеңкеге қатысушыларды кәсіптік оқытудан өткізіп, жеке кәсібін ашуға көмектесетіндігін сондай-ақ, жыл соңына дейін кәсібін сүйемелдейтінін хабарлады. Қамтылған адам саны: 3

   

Маңғыстау ауданы

2020ж. қаңтар айы:

Ауданның барлық ауыл, ауылдық округтерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар айында жәрменкелер өткізілді. Қатысқан адам саны – 909, тартылған брошюра – 472.

     

2020ж. ақпан айы:

- «Аудандық сәулет, құрылыс және сәулет қала құрылысы бөлімі» ММ-сі    ағымдағы  жылдың  ақпан   айында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша   «семинар-кеңес»  ұйымдастырылды.  Шараға қатынасқан  адам  саны  - 15,  таратылған брошюра  - 15.

- «Б.Жумалиев  атындағы  орта  мектебі», «Гимназия мектебі» мекемелері, білім және жер қатынастары  бөлімдері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып   өткізілді. Шараға қатынасқан  адам  саны  - 99 таратылған брошюра  - 102.

 

Мұнайлы ауданы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жыл басынан бері аудан бойынша 109 іс-шара өткізілді (хаттамалық кеңестер, дөңгелек үстелдер, халыққа түсіндіру жұмыстары, семинар-тренинг, жәрмеңкелер, концерттік бағдарламалар, бейнероликтер және т.б. - 99, БАҚ-на жарияланған басылымдар саны - 10), қамтылған адамдардың саны – 1220. Атап айтқанда:

«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты», «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» және «Баянды ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметкерлері ауыл тұрғындарының назарына ауыл әкімі аппаратының әлеуметтік желісіне (инстаграм) Telegram жүйесіндегі EgovKzBot2.0 қосымшасы арқылы «Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама» алу тәртібі жөнінде жариялады.

 «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты», «Дәулет ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің қызметкерлері «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің I кезеңін электронды түрде алудың тиімділігі жөнінде ауылдық округ әкімі аппаратының әлеуметтік парақшасына (инстаграм, фейсбук) жариялады.

«Аудандық білім бөлімі» ММ-і  ағымдағы жылдың мамыр айының 26 күні №8 орта мектебі «Ауыл өміріндегі – «Цифрлы Қазақстан»  тақырыбында мектептің әлеуметтік парақшасына (фейсбук) мақала жариялады.

Сонымен қатар, «Электронды қызмет, заманауи міндет! Бұл үнемді уақыт, білгеніңді үйрет» эстафетасы аясында «№5 Балбөбек балабақшасы» және «Қызылтөбе лицейі» тарапынан электронды түрде қызмет алудың тиімділігі жөнінде бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желіге жарияланды.

     

      

     

Түпқараған ауданы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін, қызметтерді электронды түрде алу жолдарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халыққа танымал ету және  т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізілді (10). Оның ішінде: жиналыстар-2, түсіндірме жұмыстарыыы – 8. Қамтылған адам саны - 250.

 

С.Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Қазпошта бөлімшесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кеңінен және электрондық-үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет жөнінде түсіндірме шарасы өткізілді, шараға 30 адам қатысты.

    

              Сонымен қатар, Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы Форт—Шевченко қаласы тұрғынының әлеуметтік қызмет порталы арқылы гигиеналық құралдарға тапсырыс бергендігі жөнінде видеоролигі 21 мамыр 2020 жылы фейсбук желісіне жарияланған.Көрушілер саны – 410.

      

 

  А.ж. маусым айында  аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері аудандық ХҚКО ғимаратында халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық форматта алу жолдарын түсіндірілді. Қамтылған адам саны -6.

 

 

Дата публикации
25 августа 2020