2020 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстары

2020 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне (31.01.2020ж., № 39/НҚ) сәйкес жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтер саны – 169, оның ішінде 142-сі электрондық форматта көрсетілетін қызметтер (84%).

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызметтер саны 1 974 864, оның ішінде 514 028 (26%) мемлекеттік органдармен қағаз түрінде, 26 180 (1,3%) мемлекеттік корпорация арқылы және 1 434 656 (72,6%) электрондық форматта көрсетілген.

2020 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша 142 электрондық қызметтің 102-сі (71,8%) автоматтандырылған.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың (бұдан әрі - Жоспар) 84-тармағын орындау мақсатында,  2020 жылдың соңына дейін қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа ауыстыру бойынша, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарымен 2020 жылғы 27 қаңтардағы «Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Жоспарға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, ЖАО-мен жыл басынан бері электрондық қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша 383 іс-шаралар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары әртүрлі алаңдарда (баспа БАҚ, интернет-ресурстар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндер, жиналыстар мен жәрмеңке және т.б.) ақпаратты берудің әртүрлі форматтарын пайдалана отырып жүргізілуде.

Оның ішінде, әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар – 265,  дөңгелек үстелдер – 25, ашық есік күндері – 15, өңірлік БАҚ-на берілген сұхбаттар мен мақалалар – 49, бейне роликтер – 11,  жәрмеңкелер – 8, жиналыстар – 10.

         Жыл басынан бері қызмет алушыларға электрондық қызметтерді алуды жеңілдету үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан ашылған 373        өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы 53 182 қызмет көрсетілді.

Азаматтардың электрондық қызметтерді алу деңгейін анықтау мақсатында «электрондық үкіметтің» порталындағы «Ашық үкімет» жүйесінің «Ашық диалог» бөлімінде сауалнамалар (үш тілде) орналастырылды.

Сонымен бірге, ЖАО ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу тәртібі, қызметті көрсететін бөлімнің, жауапты мамандардың байланыс нөмірлері, көрсетілген қызметтердің тоқсандық есептері, ай сайынғы жүргізілетін түсіндіру жұмыстары және өзге де мәліметтер жарияланған.

Аталған бағытта жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
25 августа 2020