Қаңтар айы бойынша облыс әкімінің өткізген азаматтарды жеке қабылдауы жөнінде анықтама

Қаңтар айында Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев 7 қабылдау  өткізіп, жалпы саны 68 азаматты жеке қабылдады (11 қаңтарда – 14 азамат, 12 қаңтарда – 11 азамат, 16 қаңтарда – 14 азамат, 17 қаңтарда – 10 азамат, 18 қаңтарда – 7 азамат, 24 қаңтарда – 5 азамат, 26 қаңтарда –7 азамат). 

Қабылдау барысында:

1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 27;

2) Тұрғын үймен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері - 13;

3) Жер және жерге орналастырудың жалпы мәселелері  – 4 азамат;  

4) Әлеуметтік қолдау және қамту мәселесі – 6 азамат;

5) Кәсіпкерлік мәселелері – 4 азамат;

6) Спорт саласының жалпы мәселелері – 2;

7) Мәдениет саласының және ономастикалық ұсыныстар жөнінде –2;

8) Еңбек қатынастарын реттеу мәселесі – 2;

9) Денсаулық сақтау жүйесі жөнінде – 1 азамат;

10) Коммуналдық шаруашылық және абаттандыру мәселелері – 1;

6) Ауыл шаруашылық қолдау шараларына байланысты – 1 азамат;

7) Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты – 1 азамат;

8) өзге жеке сипаттағы – 4 азаматтың мәселелері тыңдалып, қаралды.

 

Қабылдау қорытындылары бойынша хаттамалық тапсырмалар әзірленіп,  тиісті орындаушы жауапты мекемелерге жолданды. Орындалу барысы бақылауда.

Бүгінгі күні хаттамалық тапсырмалардың қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданы бойынша 2 мәселе (аз. А. Туркменбаеваның газ жүргізу мәселесі – газ құбыры жүргізілген, құжаттары рәсімделуде; аз. Б. Ниетбаева – әлеуметтік қолдау жөнінде аудан әкімдігі тарапынан 100 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек тағайындалған) ішінара қанағаттандырылған. 

Қарақия ауданы бойынша 2 мәселе (аз. А. Джарилгасов «қоғамдық» жобасы аясында «Мұнайшы ауылы әкімінің аппаратына» және аз. А.Тулегенованың ұлы              Ж. Үйсінбай «Жетібай ауылы әкімінің аппаратына» жұмысқа орналасу үшін құжаттар әзірлеуде. 01.02.2024 ж. жұмысын бастайды) шешімін тапты.

Дата публикации
08 февраля 2024