2023 жылға арналған ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 4 аудиторлық іс-шара, оның ішінде 1 жоспардан тыс аудит жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 230 441,6 мың теңгеге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның 588,4 мың теңгесі жергілікті бюджетке өтелуге, ал бухгалтерлік есеп 141 539,5 мың теңгеге қалпына келтірілді.
Тексеру барысында қабылданған шаралар негізінде жергілікті бюджетке 588,4 мың теңге өтелсе, бухгалтерлік есептен 63 502,9 мың теңге қалпына келтірілді.
Бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау үшін тексерілетін субъектілерге 4 қаулы (өкім) жолданды, оның ішінде 3-еуі орындалды, бір-бірден, орындау мерзімі 19.01.2024 ж.
«Каспий» ФК сақтау қоймасында МКҚК бойынша тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, сондай-ақ әкімшілік іс қозғау үшін тексеру материалдары Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.