ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауында баяндалған мәселелерді, сондай-ақ, «Әкімдердің халықпен кездесулерді өткізу туралы» Жарлықта көзделген міндеттерді орындау мақсатында Маңғыстау облысының әкімі – Н. Ноғаев 02 қарашада облыс орталығы Ақтау қаласында Халыққа есеп беру кездесуін өткізіп, кездесу барысында 42 тұрғынды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Регламентке сәйкес жүргізілетін ай сайынғы қабылдау барысында қараша айында облыс әкімі 4 қабылдау өткізіп, жалпы саны 50 азаматты жеке қабылдады (09 қарашада – 17 азамат; 16 қарашада – 9 азамат; 17 қарашада – 14 азамат; 21 қарашада – 10 азамат).
Қабылдау барысында:
1) Жұмыссыздық мәселесін көтерген азаматтар саны – 42;
2) Тұрғын үймен қамту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері - 18;
3) Жер беру және жерге орналастыруға қатысты сұрақтар бойынша – 7 азамат;
4) Әлеуметтік қолдау және қамту жөніндегі сұрақтар бойынша – 5 азамат;
5) Денсаулық сақтау жүйесі жөнінде – 5 азамат;
6) Білім беру саласына қатысты – 3 азамат;
7) Мәдениет және спорт саласының мәселелері мен ұсыныстары жөнінде – 3 азамат;
8) Кәсіпкерлік қолдау шараларына байланысты – 3 азамат;
9) Құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне байланысты – 2 азамат;
10) еңбек қатынастары жөнінде – 1 азамат;
9) өзге жеке сипаттағы – 3 азаматтың мәселелері тыңдалып, қаралды.
Қабылдау қорытындылары бойынша хаттамалық тапсырмалар әзірленіп, тиісті орындаушы жауапты мекемелерге жолданды. Орындалу барысы бақылауда.
Өтініш білдірушілерге мұнайгаз өндірістік мекемелерден талабына сәйкес жұмыс ұсыну мүмкіндігі жоқ екендігі туралы түсіндіріліп, жергілікті жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөнінде ақпарат берілді және қабылдау барысында ұсыныстар енгізілді.
Тұрғын үймен қамту туралы мәселелер «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес, кезектілік ретімен ғана жүзеге асырылады.