Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне (29.11.2022ж.                 № 467/НҚ бұйрығы) сәйкес, Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарымен 293 қызмет түрі, оның 275-і электрондық форматта көрсетілуі көзделген.

                  

2022 жылы барлық көрсетілген қызметтер саны – 8 682 171                         (2021ж. – 7 450 649) құрады, өткен жылмен салыстырғанда 14,2% артты.                Оның ішінде:

- мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 136 742 (2021ж. – 103 962), 24,0% артты;

- мемлекеттік корпорация арқылы – 103 730 (2021ж. – 63 412), 39,0% артты;

- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 8 441 699 қызмет көрсетілді (2021ж. – 7 283 275), өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 13,7% артты.

 

Қызмет алушылармен кері байланысты орнату және электрондық қызметтердің танымалдылығын арттыру мақсатында әр түрлі форматта 1 578 (15 330 адам қамтылды) ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді (бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде мақала, хабарламалар, ашық есік күндері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкелері және т.б.).

 

Қызмет алушылардың ақпаратқа қол жеткізуі үшін мемлекеттік органдар мен бағынысты ұйымдарында ақпараттық стенділер орналастырылған, облыс бойынша 383 «өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары» жұмыс жасайды.

 

2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған проблемалық мәселелерге талдау жүргізіліп (нормативтік құқықтық актілердегі және ақпараттық жүйелердегі), оларды шешу жөнінде тиісті орталық мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс хат жолданды.

 

2022 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына  88 (61 жергілікті атқарушы органдарға, 27 ведомстволық бағынысты ұйымдарға) бақылау іс-шарасы жүргізілді, нәтижесінде 1 778 бұзушылық анықталып, қорытындысы бойынша 545 ұсыныстар берілді.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/activities/directions?lang=kk) жарияланған.

 

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады (1414, 8800 080 7777).

 

 

Дата публикации
11 декабря 2023