Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат
2021 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен барлығы 7 450 649 (2020ж. – 4 350 456) қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 41,6% артты. Оның ішінде:
- Мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 103 962 (2020ж. – 1 051 576), 90,1% азайды;
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 63 412 (2020ж. – 52 020), 17,9% артты;
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 7 283 275 қызмет көрсетілді (2020ж. – 3 246 860), 55,4% артты.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мерзім бұзушылықтар саны – 132 құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 94 бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 1 665 бұзушылықтар анықталды, 43 тәртіптік шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша бұзушылықтарды болдырмау және тиісті шараларды қабылдау мақсатында 553 ұсыныс берілді.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 2 306 түсіндіру шаралары өткізілді (7 375 адам қамтылды).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер саны – 74.