Маңғыстау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттыққа ниет білдірген 5 өтініш келіп түсті:
- Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туылған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен және мәслихат сессияларымен -
- Қарақия аудандық мәслихаты (15.06.2020 №41/412 Шешімімен);
- Мұнайлы аудандық мәслихаты (15.06.2020 №55/507 Шешімімен).
- Байжігіт Ербол Бердібайұлы, 1981 жылы туылған, «Азаматтарға арналған үкімет» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы, 1974 жылы туылған, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы, 1971 жылы туылған, «Арнайы экономикалық аймақ «Ақтау теңіз порты» АҚ Басқармасының төрағасы, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
- Тілепов Нұрлан Серікұлы, 1978 жылы туылған, «Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы» ЖШС директоры, Ақтау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына кандидаттарды ұсыну кезеңінде сайлау заңдылықтарын түсіндіруге, сайлау заңдылықтарына бұзушылықтарға, сайлау комиисиясының әрекет етуіне (әрекет етпеуіне) өтініштер түскен жоқ.