Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар екі құрылыс мекемесі тіркелген  («СКА-Строй Монтаж» ЖШС, 20 ш / а, № 39 жер учаскесінде орналасқан «Достық» тұрғын үй кешені, «Dream Village» ЖШС, демалыс аймағы, жылы жағажай, 120 үй, «Аktau Riviera» тұрғын үй кешені,).

Сонымен қатар қалған салынып жатырған тұрғын үй кешендері бойынша құрылыс мекемелердің үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ екендігін мәлімдейміз.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады.

Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Маңғыстау облысының әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, «Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Барлық сұрақтар бойынша Ақтау қаласы, 12 ш/а, 74/1 ғимарат мекенжайы бойынша «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» ММ-не және Ақтау қаласы, 4 ш/а, 72 ғимарат мекенжайы бойынша «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы» ММ-не хабарласуды сұрайды.

Дата публикации
01 июля 2023