Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 12/307 қаулысымен «2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары» бекітілді.
- Сайлау науқаны басталғаннан Маңғыстау облысы бойынша 2020 жылдың 26 маусымына ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттыққа 5 өтініш тіркеліп, кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықталып, сенім білдірілген адамдарын тіркелді және оларға тиісті куәліктері табыс етілді.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді және кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығы тексеріліп, тиісті хаттама ресімделді.
Заң талаптарына сай құжаттар жинақталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркелген С.Алдашев, Е. Байжігіт, Н.Тілеповтерге тіркеу жүргізілді және тиісті куәліктер тапсырылды.
Басқа өтініш білдіретін азаматтар болса, олардың құжаттары жинақталып, тексерілгеннен кейін оларды тіркеу жөнінде шешім қабылданады.
Жалпы атқарылған іс-шаралар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады және де сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспар бойынша жоспарлы түрде жүргізілуде.