Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясымен 2020 жылғы 18 маусым күні сағ.14.30-де Маңғыстау облысының «Қоғамдық коммуникация орталығында» бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізілді. Комиссия төрағасы А. Рзаханов сайлау науқанына байланысты ақпарат берді.
Спикер, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Рзаханов Асқар Киікбайұлы:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2020 жылдың 12 тамызына тағайындалды. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы өзінің жұмысын бекітілген календарлық жоспарға сәйкес жүргізуде. Заң талабына сәйкес Жарлық шыққанан кейін келесі күні өтініш қабылдау басталды. Қазіргі жағдайда Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына 5 өтініш: «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Тасеменұлы Алдашевтан, «Азаматтарға арналған үкімет» Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Ербол Бердібайұлы Байжігіттен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары Шолпан Лазарқызы Илмұханбетовадан, «Арнайы экономикалық аймақ «Ақтау теңіз порты» АҚ Басқармасының төрағасы Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаровтан және «Кардиология және ішкі аурулар медициналық орталығы» ЖШС директоры Нұрлан Серікұлы Тілеповтен түсті. Қазіргі жағдайда біздер осы өтініштерді қабылдап, оларды заң талаптарына сәйкес таңдаушылардың кандидаттарды қолдау жөнінде парақшалары таратылды. Оны бекітілген тізім бойынша тіркелген сенімді өкілдері таңдаушылардың қолдарын жинап облыстық сайлау комиссиясына тапсырды. Құжаттар облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып тексеріліп және басқа да заң талаптарына сай құжаттар жинақталғаннан кейін, қазіргі күнде осы азаматтардың үшеуі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып тіркеліп, оларға куәліктері тапсырылды. Олар: Сүйіндік Тасеменұлы Алдашев, Ербол Бердібайұлы Байжігіт және Нұрлан Серікұлы Тілепов. Қазіргі жағдайда облыстық сайлау комиссиясы календарлық кестеге сәйкес жұмыстарын жалғастыруда, басқа өтініш білдіретін азаматтар болса, олардың құжаттары жинақталып, тексерілгеннен кейін оларды тіркеу жөнінде шешім қабылданады. Сонымен қатар, таңдаушылар болып біздің облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары табылады, Негізінде бекітілген тізім бойынша біздің облысымызда 115 депутат болатын болса, оның қазіргі жағдайда 105-і бар, сондықтан облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары таңдаушылар болып бекітіледі және олардың тізімі облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, өз кезегінде ол азаматтар 12 тамыз күні дауыс беретін болады. Жалпы жұмыстарымыз жоспарлы түрде жүргізілуде.