Қарақия аудандық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЫ

2023 жылғы  12 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі әкімінің сайлауы 1 сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бап пен 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясы  Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі әкімдерінің сайлауы нәтижелері туралы  хаттамасы негізінде Қарақия аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Бостан ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылыр тізіміне  960 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 716 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетендер саны - 5, «Барлығына  қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны  - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Асанов Ш.С. - 551; Омирбаев Е.А. - 51; Шабаров Н.М. - 104.

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан  ауылдық округінің  әкімі болып  Асанов Шаттык Сырымович сайланды,  1962 жылы туған, Бостан ауылдық округінің әкімі, Бостан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, қазақ.

Дата публикации
15 февраля 2023