Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер

Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

 

  1. Іздестіру қызметіне лицензия беру.
  2. Жобалау қызметіне лицензия беру.
  3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру.
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.
  5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

 

Барлық мемлекеттік қызметтер elicense.kz порталы арқылы толықтай электронды түрде көрсетіледі. Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілген қағидаларына және 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету мерзімі:

  1. Лицензиялау бойынша 5 жұмыс күн.
  2. Аттестациялау бойынша 15 жұмыс күн.
  3. Аккредиттеу бойынша 20-40 минут.

 

Байланыс

 

 

 

 

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
17 января 2023