Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

 

 

 

 

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, және «Сайланатын мәслихат депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысының әкімшілік аумақтық шекараларында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау округі құрылсын
  2. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша осы қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  3. Қаулы Маңғыстау облыстық мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының интернет ресурстарында және облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде орналастырылсын.
  5. Осы қаулы 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы                                          Е. Әбілов

 

 

Маңғыстау облыстық сайлау

комиссиясының хатшысы                                          Г. Арзыгулова

 

 

Маңғыстау облыстық

сайлау комиссиясының

2022 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 2329 қаулысына қосымша

 

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

Ақтау қаласы (5)

  • №1 сайлау округі

(орталығы - Ақтау қаласы, 2 шағынаудан, Маңғыстау гуманитарлық колледжі ғимараты)

           Ақтау қаласының Өмірзақ ауылындағы, сондай-ақ №№ 1, 1в, 2, 3, 3а, 3б, 4, 4а, 21, 22, 23, 24, 25, 26  шағынаудандарындағы, «Приозерный», «Приморский», «Рауан»  тұрғын үй массивтеріндегі, №№ 1, 6, 7, 9 өнеркәсіптік аймақтардағы тұрғын үйлері шекараларында

  • №2 сайлау округ

(орталығы - Ақтау қаласы, 9 шағынаудан, "№11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Ақтау қаласының №№ 6, 7, 7а, 8, 9, 10, 14, 15 шағынаудандарындағы,  «Самал-1», «Самал-2» тұрғын үй массивтеріндегі үйлері шекараларында

  • №3 сайлау округі

(орталығы - Ақтау қаласы, 13 шағынаудан," №21 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Ақтау қаласының №№ 12, 12а, 13, 16, 17, 18а шағынаудандарындағы барлық үйлері шекараларында

  • №4 сайлау округі

(орталығы - Ақтау қаласы, 27 шағынаудан, Маңғыстау облыстық білім басқармасының "Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі" ғимараты)

Ақтау қаласының №№ 11, 27, 28, 28а, 29, 31, 31а, шағынаудандарындағы, сондай-ақ «Толқын-1», «Толқын-2» тұрғын үй массивіндегі барлық үйлері шекараларында

 

 

  • №5 сайлау округі

(орталығы - Ақтау қаласы, 28 шағынаудан, "№20 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Ақтау қаласының №№ 18, 19, 19а, 20, 20а, 29а, 30, 31б, 32а, 32б, 32в,  сондай-ақ «Шығыс-1», «Шығыс-2», «Шығыс-3» шағынаудандарындағы үйлері шекараларында

 

Жаңаөзен қаласы (3)

 

  • №6 сайлау округі

(орталығы - Жаңаөзен қаласы, «Өркен» шағынауданы, «Неке сарайы» ғимараты)

Жаңөзен қаласының Теңге ауылы, сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы «Ақбұлақ», «Астана», «Бәйтерек», «Мамыр», «Көктем» шағынаудандарындағы барлық үйлер; «Арай» шағынауданындағы Ғұбайдулла Айдаров, Ғарифолла Құрманғалиев, Біләл Қалиев, Жұмағали Қалдығараев, Отырар, Ибаш Жанболатова, Жібек Жолы, Шотан батыр, Нұрмұхан Жантөрин көшелеріндегі барлық үйлер; «Өркен» шағын ауданындағы  № 59, 63, 64/1, 64/2, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 73, 74, 75 үйлер; Жұмаханбет Қайыров көшесіндегі барлық үйлері шекараларында

 

  • №7 сайлау округі

(орталығы - Жаңаөзен қаласы, «Шаңырақ» шағынауданы, «№1 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Жаңаөзен қаласының  «Мұнайлы», «Шаңырақ», «Бостандық», «3А», «Самал», «Шұғыла», «Рауан» шағынаудандарындағы барлық үйлер; «Өркен» шағын ауданындағы  № 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 28, 31, 34, 43, 44, 45, 54, 56, 57, 58, 61, 62 үйлер; «Арай» шағын ауданындағы №16, Нұрсұлу Қайрова, Құсайын Шалабаев, Мектепбай Айтмамбетов, Диас Жұмашев көшелеріндегі барлық үйлер; Мұнайбаза ғимараты жанында орналасқан барлық үйлер; «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімі» РММ; Рахат ауылы «Рахат» шағынауданының Саяжай, Балауса, Гүлдер, Гүлмайса Бәйшешек, Жемісті, Лалагүл, Алмалы көшелеріндегі барлық үйлері шекараларында 

 

 

  • №8 сайлау округі

(орталығы - Жаңаөзен қаласы, Кендірлі ауылы, «Кендірлі ауылдық мәдениет үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны ғимараты)

Жаңаөзен қаласының Қызылсай, Кендірлі ауылдарындағы барлық үйлер; Жаңаөзен қаласының Рахат ауылының «Ақсу», «Мерей» шағынауданындарындағы барлық үйлері; Рахат ауылы «Рахат» шағынауданындағы Көкорай, Самал, Сандугаш, Қызғалдақ көшелеріндегі барлық үйлері шекараларында 

 

Бейнеу ауданы (2)

  • №9 сайлау округі

(орталығы – Бейнеу ауылы, «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны мәдениет үйінің ғимараты)

Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Б. Майлин көшесінің № 1-80, Қ. Сәтбаев көшесінің № 1-86А, Ақтан Керейұлы көшесінің № 1-135, Ерменбет Би көшесінің № 1-135, Тұрманбет Батыр көшесінің № 1-135 Әділ көшесінің № 1-27, Тастемір көшесінің № 1-29, Тұрсын көшесінің № 1-135, Досат көшесінің № 101-120, Ұлы Жібек Жолы көшесінің № 1-55, Меңдіқұл Батыр көшесінің № 1-55, Т. Рысқұлов көшесінің № 1-80 үйлері; Д. Нұрпейісова, Айназар ата, С. Датұлы, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, Ө. Құлбатыров, Е. Бөкетбайұлы, Ж. Байбозұлы, Ыбырайым ахун Құлбайұлы, И. Тіленбайұлы, Қ. Ещанов, А. Жұбанов, Ә. Молдағұлова, Қ. Төлеуұлы, Байқұл қажы Қаныбекұлы, С. Сейфуллин, Барақ батыр, М. Әуезов, Атақозы Батыр, Ә. Жангелдин, И. Сүйеубаев, Т. Айбергенов, Ер Қонай, Мәтжан Би, Ер Шабай, Т. Әлиев, А. Тілеуұлы, Н. Оңғалбаев, М. Бегенов, Н. Шыршығұлұлы, Ер Бегей, Б. Момышұлы, Ер Қармыс, А. Байтұрсынов, Е. Айшуақов, Сұлтан Бейбарыс, Қ. Боқанұлы, Төремұрат, Азан Балов, Оразмұхамед ахун, Қыдырша ата, Рсалы Батыр, Ақбөбек, Қайып Қорабайұлы көшелерінің үйлері; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «99116 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі», № 30-35, № 37, № 62-64, № 65-92,   № 1-29, № 47-49, № 53-56, № 59-61, № 38-41 көпқабатты үйлері; С. Ақшабаев, Ж. Қалдығараев, Қашаған, Досан Тәжіұлы, Төремұрат батыр, Қосай ата, Шағырлы, Т. Қосжанұлы, Ж. Мыңбаев, Қ. Сыдықов, Ізтұрған Меңдіқұлов, И. Тайманов, М. Мәметова, Махамбет, Т. Әлниязұлы көшелерінің үйлері,  1 учаскесінің үйлері, Көне Бейнеу жеріндегі үйлер, Боранқұл, Есет, Төлеп, Сарға ауылдарының үйлері шекараларында

 

 

 

  • №10 сайлау округі

(орталығы – Бейнеу ауылы, «Бейнеу аудандық  балалар - жасөспірімдер спорт  мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны ғимараты)

 

Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы Қ. Сәтбаев көшесінің № 87-240, Досат көшесінің № 1-100, Б.Майлин көшесінің № 81-240, Ұлы Жібек жолы көшесінің № 56-130, Меңдіқұл батыр көшесінің № 56-130, Әділ көшесінің № 28-135, Тастемір көшесінің № 30-135, Амантұрлы Батыр көшесінің № 1-280, Асау Батыр көшесінің № 1-280, Қ. Тоқсанбайұлы көшесінің № 1-280, Балуанияз көшесінің № 1-280, Т. Рысқұлов көшесінің № 81-241 үйлері; Есекмерген Батыр, Бекес Дәрментайұлы, Самалық Батыр, Шолтаман, Шоғы батыр, Қаржаубай Жылқыбаев, Тұрыш ата, Қарағайлы, Қосарқан, Қарақоға, Шахан, Тасастау, Көлтабан, Жиделі, Рақ батыр, Аманжол шебер, Б. Сарбалаев, Сүйінқара батыр, Аманбай ата, Ш. Шыңғысов, А. Өтеуов, Шиланды, Қайдақ, Ақшағыл, Матай, Серкебай, Қалнияз ақын, Айрақты, Дағар, Жайылған, Манашы, Мұрын жырау, Уәлі, Сайқұдық, Опорная, Жамбыл, Абай, Т. Тоқтаров, Ж. Аймауытов, Құрманғазы, Сәттіғұл, С. Қилыбайұлы, Сүгір Бегендікұлы, Аспантай, Уәйіс Қайралапов, Әбдібек Жаманбаев, Бірлік, Білеулі, Белдеулі, Жезді, Достық, Ынтымақ, Рзаевтар, Абылай хан, Алатау, Әбілхайыр хан, Балқаш, Бопай ханым, Есенқазақ, Жайық, Жетісу, Каспий, Күйкен, Құсшы, Лабақ Батыр, Мұғалжар, Нарынқол, Сарыарқа, Теректі, Ұлытау, Хасан хазірет, Шаршы, Шүңкілдек, Қалмұрат Сабырбаев, Шерқала, Желтау, Қарабұлақ, Ұланақ атындағы көшелерінің үйлері; Ақжігіт ауылының үйлері; Ақжігіт теміржол стансасының үйлері; Тұрыш, Сыңғырлау, Ноғайты, Тәжен, Сам ауылдарының үйлері шекараларында

 

Қарақия ауданы (1)

  • №11 сайлау округі

(орталығы – Құрық ауылы, Қарақия ауданы әкімі аппаратының ғимараты)

 

Қарақия ауданының шекараларында

 

Маңғыстау ауданы (1)

  • №12 сайлау округі

(орталығы – Шетпе ауылы№2 үй, 1-ші кабинет)

Маңғыстау ауданының шекараларында

 

 

Мұнайлы ауданы (3)

  • №13 сайлау округі

(орталығы – Маңғыстау ауылы, «Мәдениет үйі»  ғимараты)

Мұнайлы аудынының Маңғыстау ауылы және Дәулет ауылдық округінің шекараларында

  • №14 сайлау округі

(орталығы – Басқұдық ауылы, «№9 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Мұнайлы ауданының Атамекен ауылдық округінің және Басқұдық ауылдық округінің «Басқұдық», «Болашақ», «Жаңақоныс»  тұрғын үй массивтері көшелерінің шекараларында

  • №15 сайлау округі

(орталығы – Басқұдық ауылы, «№14 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты)

Қызылтөбе ауылдық округінің барлық тұрғын үйлері және Басқұдық ауылдық округінің «Самал», «Алау», «Маржан», «Рахат» тұрғын үй массивтері көшелерінің шекараларында

Түпқараған ауданы (1)

  • №16 сайлау округі

(орталығы – Форт-Шевченко қаласы, Н. Оңғалбайұлы көшесі, №2 үй, 20-шы кабинет)

Түпқараған ауданының шекараларында

 

Дата публикации
28 декабря 2022