ҚР Парламенті Сенаты депуттатарының сайлауына
Маңғыстау облысынан кандидаттарды тіркеу аяқталды
24 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 2023 жылғы 14 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеуді аяқтау мәселесі қаралды.
Отырыста сөз алған сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Айтуаров ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Маңғыстау облысынан 3 кандидат тіркелгендігі және кандидаттарды тіркеу туралы хабар «Мангыстау» және «Огни Мангистау» жергілікті басылымдарының 20.12.2022 жылғы санында және облыстық сайлау комиссияның интернет-ресурсында жарияланғандығын атап өтті.
Бұдан өзге сайлау комиссиясы отырысының нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес тіркеу үшін қажетті құжаттарды толық ұсынбауына байланысты 3 кандидатты тіркеуден бас тарту бойынша Қаулы қабылдады.
Олар, сайлау жарнасын куәландыратын құжаты болмағанына байланысты Машырыков Кенжегали Сагидоллаевич, 30.01.1971 жылы туылған, Маңғыстау облысы Аймақтық инспекция басшысы мен Косуаков Айбек Косуакович, 15.10.1975 жылы туылған, Жаңаөзен қаласының әкімі, сонымен қатар, кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары мен сайлау жарнасын куәландыратын құжаты болмағанына байланысты Урисбаев Аббат Жангирханович, 19.07.1981 жылы туылған, «Forte Bank» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы.
