Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат, Теңге ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
2022 жылдың 02 қарашасы күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де Рахат, Теңге ауылдары әкімдеріне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес, келесі кандидаттарды тіркеді:
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы әкіміне:
1. Жакенова Жазира Хабыштаевна, 1983 жылы туған, «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты- қазақ;
2. Койланов Медеу Жумабаевич, 1981 жылы туған, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар бойынша бас инспекторы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәсілімен ұсынылған, ұлты – қазақ;
3. Сырымов Райымбек Талғатұлы – 1993 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде Рахат ауылы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды Жаңаөзен қаласында тұрады, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалымен ұсынылған, ұлты - қазақ.
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы әкіміне:
1. Абдыров Мурсатбай Исгендерович, 1979 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасайды,Жаңаөзен қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, ұлты - қазақ;
2. Бекимбетов Тимур Текебаевич, 1977 жылы туған, «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде терроризмге қарсы комиссия бойынша бас маман лауазымында жұмыс жасайды, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Жаңаөзен қаласында тұрады, ұлты - қазақ;
3. Шаудирбаев Талгат Калибаевич, 1990 жылы туған, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Теңге ауылы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, «Ауыл» халықтық-демократиялық париоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалымен ұсынылған, ұлты-қазақ.