Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
Жаңаөзен қаласы Рахат, Теңге ауылдары әкімдеріне кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясына 2022 жылдың 28 қарашасы күні
Рахат ауылы әкіміне кандидаттыққа өзін-өзі ұсыну жолымен 2 (екі) кандидат Койланов Медеу Жумабаевичтен, Жакенова Жазира Хабыштаевнадан және «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының ұсынысымен Сырымов Райымбек Талғатұлынан,
Теңге ауылы әкіміне кандидаттыққа өзін-өзі ұсыну жолымен 2 (екі) кандидат Бекимбетов Тимур Текебаевичтен, Абдыров Мурсатбай Исгендеровичтен және «Ауыл» халықтық-демократиялық париоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының ұсынысымен 1(бір) кандидат Шаудирбаев Талғат Калибаевичтен құжаттар келіп түсті.
Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.