ҚР Парламенті Сенаты депуттатарының сайлауына Маңғыстау облысынан кезекті кандидат тіркелді

ҚР Парламенті Сенаты депуттатарының сайлауына Маңғыстау облысынан кезекті кандидат тіркелді
  
18 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтың төрағалығымен өткен кезекті комиссия отырысында 2023 жылғы 14 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Маңғыстау облысынан кандидатты тіркеу мәселесі қаралды.
 
Отырыстың нәтижесінде Беляева Ирина Валерьяновнаның барлық құжаттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес екендігі анықталып, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.
Кандидатқа тиісті куәлік берілді.
 
Беляева Ирина Валерьяновна
06.07.1973 ж.т.
«Идальго Актау» ЖШС Бас директоры

Дата публикации
18 декабря 2022