ҚР Парламенті Сенаты депуттатарының сайлауына Маңғыстау облысынан алғашқы кандидат тіркелді

ҚР Парламенті Сенаты депуттатарының сайлауына
Маңғыстау облысынан алғашқы кандидат тіркелді


14 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.


Күн тәртібінде 2023 жылғы 14 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Маңғыстау облысынан кандидатты тіркеу мәселесі қаралды.


Отырыста сөз алған сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Айтуаров ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Маңғыстау облысы бойынша өзін-өзі ұсыну жолымен 6 адамнан өтініш түскенін, сондай-ақ 1 кандидатты Ақтау және Жаңаөзен қалалық пен Түпқараған аудандық мәслихаты ұсынғандығын атап өтті.


Отырыстың нәтижесінде Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлының барлық құжаттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес екендігі анықталып, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді.

Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы
18.06.1971
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары

Дата публикации
14 декабря 2022