Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының              4-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 258 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3149 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы  осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Т. Тәжібаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                                С. Трұмов

Дата публикации
29 мая 2020