Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында:
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш
көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.
Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.
Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:
«33. Осы Қағидалардың негізінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын елді мекеннің табиғаттық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық және сейсмикалық факторларына байланысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелермен толықтыруы мүмкін.»;
Сессия төрағасы Маңғыстау облыстық
мәслихат хатшысы