5 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясында кезекті комиссия отырысы өтті

 

5 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясында өткен отырыста сенім білдірілген адамдарға тиісті куәлік беру және ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Ақтау және Жаңаөзен қалалық мәслихаттарының 5 желтоқсан 2022 жылғы №21/163 және №25/198, Түпқараған аудандық маслихатының 5 желтоқсан 2022 жылғы № 20/123 шешімдеріне сәйкес ұсынған 18.06.1971 ж.т Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлының ҚР «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 71-бабының 6-тармағына сәйкес ҚР Конституциясы мен осы Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралды.

Комиссия отырысының нәтижесіне сәйкес Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталып, кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын қажетті мөлшерде беру жөнінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4, 70 және 71-баптарына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы Қаулы қабылдады.

Дата публикации
05 декабря 2022