Маңғыстау облыстық сайлау комиссияның
кезекті отырысы өтті
2 желтоқсан 2022 жылы Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.
Отырыста 2023 жылғы 14 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Маңғыстау облысынан өзін-өзі ұсыну жолымен өз кандидатурасын ұсынған 6 азаматтың ҚР «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 71-бабының 6-тармағына сәйкес ҚР Конституциясы мен осы Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралды.
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Беляева Ирина Валерьяновнаның, Машырыков Кенжегали Сагидоллаевичтің, Қосуақов Айбек Қосуақовичтың, Досатов Габбас Шанытбаевичтың және Урисбаев Аббат Жангирхановичтің
Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталып, кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары қажетті мөлшерде беру жөнінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 4, 70 және 71-баптарына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы Қаулы қабылдады.
Ал, Турикпенбаев Абай Ногаевич Заңға сәйкес соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұрмауына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатурасы сәйкес емес деп анықталды.
